Мәселе

1 шілдеден бастап әр отбасы үшін әлеуметтік карта енгізіледі

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Елімізде 1 шілдеден бастап енгізілетін әлеуметтік картаның 97 пайызы дайын. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, Үкімет 106 пункттен тұратын іс-шаралар қабылдаған болатын. Соның 26-ын іске асыру міндеті біздің министрлікке жүктелген. Осы айдың 12-де Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекетіміздің дамуының 10 бағытын айқындады. Соның ішіндегі төрт бағыт біздің министрлікке тапсырылған. Ең біріншіден, халықтың табысын көбейту міндеті жүктелді. Өздеріңіз білетіндей, былтырдан бастап елімізде жалақы 3 рет өсіп, ең төменгі жалақы 42500 теңге болды. Оған қосымша 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілер де ең төменгі еңбекақы алатын қызметкерлерінің айлығын өсірді. Одан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, осы айдың 1-нен бастап төмен жалақы алатын бюджеттік мекемелердің де жалақылары өседі. Осы шараны жүзеге асыруға бюджеттен 144 млрд теңге қаржы қарастырылған», - деді Бердібек Сапарбаев.


Министрдің айтуына қарағанда, мемлекет тарапынан 39 түрлі мемлекеттік көмек көрсетіледі. Оның барлығын есептегенде 3 млн-нан астам адамға, оған қосымша әлеуметтік қамсыздандыру қорынан да 800 мыңға жуық қазақстандыққа 190 млрд теңге ақша бөлінеді.


«Біз енді осы көмекті беру үшін әлеуметтік картаны дайындап жатырмыз. Осы уақытқа дейін отбасылардың әлеуметтік картасының 97 пайызы дайын. 1 шілдеге дейін толық дайын болады», - деді ол.


Бердібек Сапарбаев әлеуметтік картада мұқтаж отбасыға қаншалықты көмек қажет екені көрсетілетінін атап өтті.


«Сонымен қатар, біз мемлекет көрсететін барлық әлеуметтік көмектің бірыңғай стандартын әзірледік. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдармен бірыңғай көмектің пакеті жасалды», - деді ол.


Еске сала кетсек, Қазақстандағы әр отбасында болатын әлеуметтік картаны әзірлеу жұмыстары 1 шілдеге дейін аяқталатынын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұған дейін хабарлаған болатын.


 




Көрілген: 2760    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.06.2019, 14:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31