"10 адамнан асса - көп адам жиналған боп есептеледі": Бекшин той жасап жүргендерге ескерту жасады

23 қазан 2020, 17:10

Статистикаға сәйкес, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың 38% -ы түрлі бұқаралық іс-шаралардан осындай жағдайға тап болған.

 
"Мен той ұйымдастырушыларына айтарым, сіз өзіңізге ғана емес, инфекцияны барлық қонақтарға, қарт адамдарға таратасыз, олар отбасыларына қауіп төндіреді. Сондай-ақ, той немесе ас беру кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны аяқтауға мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қоясыз, - деді Бекшин.

Эпидемия кезінде бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 10-нан астам адамның жиналуы көп адам жиналғаны болып есептеледі.

Соңғы аптада Алматының мониторингтік топтары бірқатар заң бұзушылықы анықтады: Медеу ауданында сағат 24.00-де "Black hall Bar" пабы, "Bla Bla Bar" бары, Түрксіб ауданында "Эрмитаж" кафесінде банкеттік іс-шара (үйлену тойы), "Золотой Кувшин" кафесінде отбасылық іс-шара, Наурызбай ауданында "Алтын" мейрамханасы - ұзату, "Tengri" кафесінде мерейтой өтті. Бұл нысандарда мониторингтік топтардың қызметкерлері қонақтарды таратып жіберді. Қайталанған бұзушылықтар кезінде объектілер сот тәртібімен жабылатын болады.