Мәселе

10 облыста дауылды ескерту жарияланды

  • https://vp43.ru/

    https://vp43.ru/

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде дауылды ескерту жасады.

 

Түнде 5 наурызда Жамбыл облысында кей жерде қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтіледі. 4-6 наурызда кей жерде тұман, көктайғақ, 5 наурызда жаяу бұрқасын күтіледі. 4-6 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 4-5 наурызда екпіні 23 м/с күтіледі.

 

Тараз қаласында 4-6 наурызда кей уақытта тұман, 4-5 наурызда көктайғақ, 5 наурызда оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде тұман, бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.

 

Петропавл қаласында 4 наурызда бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Қарағанды облысында кей жерінде тұман, жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

 

Қарағанды қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Қостанай облысының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

 

Қостанай қаласында 4 наурызда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман, күндіз кей жерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с.

 

4 наурызда Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

 

Көкшетау қаласында 4 наурызда кей уақытта жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Қызылорда облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

 

4 наурызда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші күндіз кей жерде 15-20 м/с.

 

Орал қаласында 4 наурызда жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

 

4 наурызда Ақтөбе облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерінде 15-20 м/с күтіледі.

 

Ақтөбе қаласында 4 наурызда көктайғақ , түнде жаяу бұрқасын күтіледі.

 

4 наурызда Атырау облысында кей жерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады кей жерде 15-20 м/с.

 

Атырау қаласында түнде 4 наурызда тұман күтіледі. Кей уақытта көктайғақ болады.

 

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 612    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.03.2021, 18:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    5 Сәуір, 23:17
    Қостанайды су басты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30