100 мыңнан астам сәби дүниеге келді

21 желтоқсан 2021, 14:21

Тәуелсіздік мерекесі күні Төлеби ауданында Қасым-Жомарт Нұрсұлтанұлы дүниеге келді. Ата анасы осылайша сәбиіне ерекше есім беріп, ел тізгінін ұстайтын азамат болсын деп ырымдаған көрінеді. Айта кетерлігі, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанда 100 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіштердің бірі дейді мамандар.

Елімізде тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге сүйінші сыйқорабы табысталды. Қораптың ішінде бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР президенті құттықтау тілегі мен туу туралы куәлігі бар. Мемлекет басшысының сый құрметіне дән ризамыз дейді аналар.

Мөлдір Құлман, ана:

 «Елбасымызға рахмет. Тоқаев мырзаға алғысымыз шексіз. Осындай тәуелсіздік жылдарына байланысты. Медальмен марапаттағанына».
Елімізде Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап тұр. Мейрам қарсаңында өңірде 190 сәби дүниеге келген. Оның 96 ұл бала болса ал 94-і қыз бала.

Айгүл Өсербаева, акушер-гинеколог:

«Түркістан қаласында 36 ана сәбилі болды. Олардың 17-сі ұл бала. Ал 19-ы – қыз бала».
Ержан Жеңісбеков, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы, Түркістан облыстық филиялының директоры:

«Министрліктің бастауымен. Президент әкімшілгінің қолдауымен сүйінші деген жобасы орындалып жатыр. Бұл жерде тәуелсіздік күніне арналған мереке күндері яғни 16-17 күндері туылған сәбилерге президент атынан құттықтаулар жеткізу».
Осы тұста ел аймақтарындағы танымал есімдерге тоқталып өтсек. Былтыр Оңтүстік жұртшылығы – Әлихан, Айсұлтан, Медина, Айша ал, Солтүстік халқы — Әлихан, Медина, София есімдерін жиі қойыпты. Батыста – Ибраһим, Әмір, Медина, Раяна, Айлин, Шығыста – Әлихан, Асылым аттары танымал болған.

turkistanzaman.kz