Мәселе

11 мамырдан кейін Алматыда карантин режимі сақталады

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Алматының бас санитарлық дәрігері төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін де карантин талаптарын сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, 11 мамырдан кейін шаһарда карантин режимі сақталады.

 

Осы орайда, алматылықтар медициналық бетперде киіп, жеке басының қауіпсіздігі мен індеттің алдын алу үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдалануды тоқтатпауы керек.

 

«Барлық қауіпсіздік шаралары сақталатынын айтқым келеді. Төтенше жағдай режимі аяқталған күннің өзінде шектеу шаралары, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталады. Менің ойымша, бұл – бізге әлі де қажет. Өйткені, коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі толық сейілген жоқ», – деді Ж.Бекшин.

 

Бұл ретте, қала тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес берілді. Дүкен, шаштараз, киім тазалайтын мекемелерге барғанда әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сондай-ақ, қызметкерлерден қарапайым гигиена ережелерін сақтау талап етіледі. Ж. Бекшин адамдар алдын ала жазылу тәртібін сақтап, үлкен кезек қалыптастырмауға шақырды.

 

«Барлық дүкендер мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауы тиіс. Бұл ретте, қаладағы барлық жұмыс берушілерге айтарым: өз қызметкерлерін кәсіпорынның немесе нысанның меншік нысанына қарамастан жеке қорғау құралдарымен қамтамасыз ету керек. Барлық персонал бетперде, қолғап және өзінің технологиялық киімінде болуы тиіс. Дүкендер мен шаштараз қызметкерлері міндетті түрде бетперде, бас киім және фирмалық киіммен қоса, қолғап киюі қажет. Барлық үй-жайлар үнемі желдетіліп, ал жұмыс орындары дезинфекциялау құралдарымен өңделуі шарт», – деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

 

Ол сондай-ақ, бұл ережелер құрылыс нысандарына да қатысты екенін атап өтті. Құрылыста барлық жұмысшылар өздерінің технологиялық киімдерін киіп жүргеніне қарамастан, бетперде киюлері міндетті.

 

11 мамырдан кейін қаланың периметрі бойынша орналасқан блокпостар жұмысы да жалғасады. Бұған дейін қабылданған қалаға кіру мен шығу ережелері сол күйі сақталады.

 

Жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі.

 

Қоғамдық көліктің жұмыс тәртібі де өзгеріссіз қалады (сағат 06.00-ден кешкі 19.00-ге дейін).

 

 

 




Көрілген: 469    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 20:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30