Мәселе

13 жастағы қызын зорлаған өгей әке бостандықта жүр

  • © Spanish news platform

    © Spanish news platform

Атырауда ер адам өзінің 13 жасар өгей қызын зорлады деп күдіктелуде, бірақ құрбанын қорқытып, бостандықта жүр. Бұл туралы «НемолчиKZ» қорының жетекшісі Дина ТАҢСӘРІ мәлімдеді.

 

Атыраулық мектеп оқушысы &ndash дәл осындай хикаясы бар ағайынды-педофилдердің бірінің өгей қызы. «НемолчиKZ»  қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, атыраулық педофилдің бауыры Алматыда жеңгетайлықпен айналысып жүрген кезде оның жезөкшелердің жұмысы үшін барлық жағдай жасалған бірнеше үйі мен пәтері болған. Одан басқа, біреуге айтсаң, өлтіремін деп қорқытып, өзінің жас өгей қызына азғындық әрекеттер жасаған. Алайда О.М. жақсы отағасы деп саналды, жәбірленушінің анасымен некеде төрт баласы дүниеге келді. Жақында ол алты жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда айыптаушы тарап жиырма үш жыл сұраған еді. Ол жазасын өтеп жатыр, ал оның бауыры Атырауда тұрады. Ол да сондай педофил, бірақ әлі бостандықта жүр.

 

- Қазір Атырауда күн сайын өзі мен анасына қоқан-лоқы жасап, дыбыстық хабарлама жіберіп тұратын педофил өгей әкесінің бостандықта жүргеніне 13 жасар қыздың әбден зәре-құты қашып, сұмдық күйді бастан кешуде! Баланың психикасы бұған шыдай алмайды, әбден шегіне жеткен, мұны оның суреттерінен байқауға болады. Психологтар дабыл қағып, психиатрлардың да көмектесуін сұрайды, - дейді Дина Таңсәрі.

 

Қыздың анасы - отбасындағы жалғыз асыраушы, оның тағы үш баласы бар. Алайда, әйел жұмыс істей алмайды, бұрынғы күйеуімен енді бірге тұрмаса да үлкен қызын қараусыз қалдыруға қорқады.

 

«НемолчиKZ» қоры Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВҚА жүгінді, өйткені қылмыстық іс қозғалған және оны жергілікті полиция тергеп жатыр, бірақ тергеудегі адам қамауға алынбаған.

 

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы 4-тармағы бойынша (жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

 

- Қазіргі уақытта тергеу-жедел шаралары жүргізілуде. Істі жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Қылмыстық істі тергеу барысы департамент басшылығының жеке бақылауына алынған, - деп хабарлады ПД.

 

Дина Таңсәрі бұл комментарийге:

 

- Сіздер сараптама нәтижесін күтіп отырғанда, баланың жынданып кететін түрі бар, ал «әкесі» ізіне түсіп, қорқытып жүр! Неліктен мұндай қауіпті адамдарды тергеу кезінде бостандықта қалдырады? - деді.

 

Айтпақшы, бұл іс прокуратураның сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне сонау тамыз айында тіркелген, бірақ әлі күнге дейін сараптама нәтижелері жоқ. Оның үстіне, күдікті тергеу сотына келмеген. Осы арада «НемолчиKZ» қоры ҚР Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

 

 

azh.kz




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.11.2020, 03:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31