14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет 14-16 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
 
14-15 қаңтарда Салехард аудандарынан ығысқан антициклон республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.
 
Тек кезеңнің соңында Жерорта теңізі циклонының келуімен ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
 
Кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және батыста жауын-шашын (қар, жаңбыр), боран, тұман, желдің күшеюі, батыс және оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.