Мәселе

14 еркек зорлағанын айтқан қыз жала жапты деп айыпталып жатыр

  • CC0 / Free-Photos

    CC0 / Free-Photos

Қостанай облысында топтасып қыз зорлады деп айыпталған жігіттердің ата-аналары күдіктілердің кінәсіз екенін мәлімдеді, деп хабарлады "Наша Газета".


Күдіктілердің туыстары "балаларымызды жазықсыздан жазықсыз полиция әуреге салып жатыр" деп наразылық білдірді.


Қызды 14 еркек зорлаған: күдіктілер неліктен ұсталмағаны анықталды


"Біздің балаларымыздың барлығы әкелікті анықтауға ДНҚ-тест тапсырды, ешқайсысы баланың әкесі болмай шықты. Енді бізге оны қайтадан тапсыру керек деп жатыр. Біз Қостанайға баруға мәжбүрміз, өйткені оны қылмыстық іс аясында ғана ақысыз тапсыруға болады, бірақ онда 3-4 күн өз қаржымызға тұруымыз керек", - дейді ауыл тұрғындары.


ДНҚ-тест ауылдағы 13 жас жігіттен қайта алынбақшы, себебі жәбірленушінің адвокаты алдыңғы сараптаманың жалған екенін мәлімдеген.


"Бұл қашанға дейін жалғасады? Біз ол қызды білеміз, басқа ауылдарға барып жүретін, Алматыда да болды. Сонда ДНҚ-тест үшін сол жақтан да материал алу керек пе? Біздің балаларымыз жала жабылғаны туралы арыз жазуға дайын", - дейді туыстар.


Әке тану тестінен 13 адам өтті. 14-ші күдіктіні полиция таба алмаған, өйткені жәбірленуші оның кім екенін білмейді және оның сыртқы көрінісі есінде жоқ.


"Осыған байланысты прокуратура тоқтатылған істі қайта қозғады. Біз 14-ші жігітті жедел тергеу жолымен анықтаймыз. Екідін елді мекені мен жақын маңдағы екі ауылдың барлық ер адамынан қайта жауап аламыз. Егер әлдекім қызбен байланыста болса, біз одан ДНҚ-тестіне биоматериал аламыз. Әкелікті анықтаған кезде зорлау оқиғасының болған-болмағаны анықталады", - дейді тергеуші Қанағат Шәуенов.


Төрт жігіттің адвокаты Бектас Әміров бұл іс қылмыс құрамының болмауына байланысты әлдеқашан тоқтатылуы керек еді деп санайды.


"Тексерілген 13 адамға қатысты қылмыс құрамы жоқ деп санаймын. Неліктен оларды қайта тексеру керек? Іс тоқтатылуы тиіс. Менің қорғауымдағы азаматтар ауылдасына жала жапқаны үшін арызданады. Бұл үшін қылмыстық жаза қарастырылған", - дейді адвокат.


Естеріңізге сала кетсек, ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында адвокат Айман Омарова 14 еркектің қызды жабылып зорлағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады.


Жантүршігерлік оқиғадан кейін жәбірленушінің аяғы ауырлап, бала босанған екен.


Алайда күдіктілердің бәрі қылмысқа қатысы жоқтығын дәлелдей алды. Тергеушілер олардың арасынан баланың әкесі табылмады деп істі тоқтатқан.


sputnik


 


 




 




Көрілген: 1223    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.09.2019, 10:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31