Мәселе

14 жастағы қызды зорлау оқиғасы: Журналист іске көз жұма қарағандардың жазаланбағанын айтады

  • https://elgezit.kg/

    https://elgezit.kg/

2016 жылы 14 жасында үш азамат жабылып зорлап, соның нәтижесінде жүкті болып қалған Қызғалдақ Талғатқызының оқиғасы көпшілікті дүр сілкіндірген. Қызға зәбір көрсеткендердің ісі белгісіз жағдайларға байланысты сол жылы жабылып қалған.

 

Сұмдық жайттың беті биыл қайта ашылып, қылмыскерлер тиісті жазасын тек бес жыл өткен соң алған. Дегенмен оқиғаны 2020 жылы алғашқы болып қозғаған журналист Айдос Тұрған ауыр жағдайға кінәлілердің барлығы жазасын алмады деп отыр. Stan.kz тілшісі журналисттен істің мән-жайын сұрап білді.

 

Елдің жағасын ұстатқан жағдай Райымбек ауданында 2016 жылы орын алған. Қызғалдақты зорлағандарға қатысты іс қозғалғанымен, олар жазадан сытылып кеткен.  Тек 2020 жылы 31 арнаның “Кел, татуласайық” бағдарламасына арқау болған қыздың оқиғасы жария болған соң, іс қайта қолға алынған. Нәтижесінде кәмелетке толмаған оқушы қызды жабылып зорлаған үш қылмыскер тиісті жазасын алды. Алайда жабылып қалған істі 2020 жылы алғашқы болып қайта ашқанын айтқан журналист Айдос Тұрған кінәлілер толығымен жазасын алмады деп отыр.

 

“Оқиға бойынша 2016 жылы тергеу жүргізіліп, іс соңына жетпей жабылып қалған. Қызғалдақтың анасы қайтыс болып кеткен. Әкесі маскүнемдікке салынған. Қаршадай қыздың қараусыз қалғанын көріп, осындай қатігез қылмыс жасалынып отыр. Үш қылмыскерден бөлек, осы жағдайды біле тұра көз жұма қараған Райымбек ауданының прокуратура қызметкерлері мен ішкі істер бөлімінің қызметкерлері, басшылары  тексеріліп, олардың үстілерінен қылмыстық іс қозғалуы керек. Бұл істі ішкі істер министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жеке бақылауына алып, тергеуі жүргізуі тиіс. Тіпті, Қазақстанның Бас прокуратурасы істі қолға алса дұрыс болар еді. Нақты қарайтын болсақ істі жабуда жемқорлық іс-әрекеттің болғаны көрініп тұр. “Қызғалдақтың ісі” барлығына сабақ болуы керек. Жай ғана бетін жаба салуға болмайды. Егер бұл істі жабулы қазан күйінде қарағандар жазаланатын болса, келесіде бұндай істер қайталануы азаяды”,  – дейді журналист.

 

 

 

 




Көрілген: 910    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 19:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31