Мәселе

"150 литр тегін бензин" деген ақпарат WhatsApp қолданушыларын дүрліктірді

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

What ‘ sApp мессенджерінде қазақстандықтар Helios жанармай құю желілерінен 150 литр бензинді тегін алуға болатыны туралы сілтемемен бөлісуде. Ол үшін сайттағы сауалнамадан өту керек. Жанармай құю станциясы желісінің өкілдері мұндай шара туралы ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

Helios жанармай құю станциялары желісінің ресми сайтында да, олардың Instagram-дағы ресми аккаунтында да 150 литр бензинді тегін алуға болатын акция туралы хабарландырулар жоқ.

 

– Бұл жалған ақпарат. Мұндай хабарламалар туралы мәлімет келіп түсті, біз оны дереу теріске шығардық, – делінген ЖҚС желісі өкілдерінің жауабында.

 

Қазнетте мазмұны ұқсас хабарлама бұған дейін де тараған болатын. Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЖҚС желісінің ресми Instagram-аккаунтында оны жоққа шығаратын ақпарат жарияланған.

 

– Helios-тың бұл хабарламаға қатысы жоқ. Барлық шаралар туралы ақпарат www.helios.kz ресми сайтында және @helios_kz instagram парақшасында ғана жарияланады. Сілтеме арқылы өтпеулеріңізді және хабарламаны таратпауларыңызды сұраймыз, – делінген мәтінде.

 

 

Алаяқтар қазақстандықтарды танымал брендтердің атынан бұған дейін дейін де алдап келген. Олар сауалнамалардан өткені үшін қымбат жүлделер бермек болады. Біз мұндай хабарламалар туралы жазған болатынбыз.

 

Алаяқтар көп жағдайда осындай «сауалнамалар» арқылы желі пайдаланушыларының жеке деректерін ұрлайды. Бұл фишинг деп аталады. Бұл неге қауіпті және кибер алаяқтарды қалай тануға болатындығы туралы мына жерден оқуға болады.

 

 

 




Көрілген: 935    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 18:16

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31