Мәселе

165 мыңнан астам салымшысы бар Finiko компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды

  • 165 мыңнан астам салымшысы бар Finiko компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды

    165 мыңнан астам салымшысы бар Finiko компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғалды

Алматы қаласының прокуратурасы криптовалюта саудасын жамылған The Finiko қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мониторинг кезінде азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды. Компанияның сайтына сәйкес, салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

 
7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізілді. “Аса ірі мөлшерде ақша қаражатын тарта отырып, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы, қылмыстық топты құру және оған басшылық ету” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу барысын бақылауға алды.


Еске сала кетсек, "Finiko" пайдаланушыларға "Сyfron Sapital OÜ"  платформасында cryptocurrency және басқа инвестициялық құралдарды сатып алуды ұсынады. Бұл жылжымайтын мүлікті, автомобильдерді сатып алуға, міндеттемелерді өтеуге және инвестициялауға байланысты жағдайларды имитациялайтын ойын алаңы.

"Finiko" сонымен қатар тұтынушылық және ипотекалық несиелерді өтеуді ұсынады. Егер компания борыш сомасының 35%-ын салса, ол қатысушының кредиті бойынша бүкіл соманы төлеуге міндет алған. Осындай талаптар автокөлік пен жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде ұсынылады: жарна мүлік құнының кемінде 35%-ін құрайды және 3-4 ай өткеннен кейін компания оны сатып алуға және қатысушының меншігіне беруге уәде береді.

Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне келесі +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30