Мәселе

17 жастағы қызды қағып өлтірген "байдың баласы" жазадан құтылып кетті

  • CC0 / Karrie Zhu

    CC0 / Karrie Zhu

Павлодар облысында 17 жасар Диана Доштаеваны қағып өлтірген жүргізуші бостандықта жүр. Құқық қорғаушылар істі сотқа жеткізбестен жауып тастап, бойжеткеннің туыстарына жол апатының алдын алу мүмкін болмады деп жауап берген, деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы.


Диана Доштаева 2018 жылдың 23 тамызында серуендеуге шығып, қайтып оралмады. Әжесінің айтуынша, қыз "қазір келем" деп көшеге шығып кеткен, бір минуттан соң көлік астына түсіпті.


Дәрігерлер оның өмірі үшін ұзақ күресті, алайда құтқара алмады. Бойжеткен Иртышск ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмған.


Оқиға орнынан ондаған метр жерде тұрған куәгердің сөзіне сүйенсек, көлік аса қатты жылдамдықпен келген, тіпті қызды қаққаннан соң темірбетон кедергіні бұзыпты.


Сол көліктің рөліндегі жүргізуші аудандағы белгілі кәсіпкердің ұлы болып шықты. Бойжеткеннің жақындары айтқандай, жол апатын тергеу өте тез болыпты. Бірақ нәтижесін ешқайсысы күтпеген еді. Полицейлер апаттың алдын алатындай мүмкіндік болған жоқ деп, қылмыстық істі сотқа жеткізбестен жауып тастаған.


"Қандай да бір жазасын алса дейміз. Неге біреудің отбасының күл-талқанын шығарып, түк болмағандай жүре береді? Қалталы, байдың баласы, тергеушінің ақшамен сатып алады деп естідік", - дейді марқұм бойжеткеннің тәтесі Фарида Ахметова.


Диана Доштаеваның туыстарының айтуынша, жүргізуші апат кезінде мас болған. Негізінде рөлге отыруына да болмайтын, себебі бұдан бұрын жүргізуші куәлігінен айырылыпты. Полиция да бұл жайтты растады.


Иртышсктың орталық көшесінде күндіз көлік қозғалысы қарбалас емес. Ал кешке одан да азая түседі. Сөйте тұра, рұқсат етілген жылдамдықпен келе жатып, жолдан өтіп бара жатқан адамды байқамау мүмкін емес сияқты.


"Сотқа дейінгі тергеулер барысында куәгерлер мен күдіктінің өзі тергелді. Адам көліктің жылдамдығын көзбен көріп айта алмайды ғой", - дейді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қуан Назымов.


Марқұм қыздың туыстары болған жайтқа әлі де сене алар емес. Ал екінші рет көлік айдау құқығынан айырылған жүргізуші рөлге жиі отыратын көрінеді.


 Sputnik




Көрілген: 769    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 10:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31