Мәселе

17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

  • 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

    17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді: Министр бұйрыққа қол қойды

Денсаулық сақтау министрі міндетті вакцинацияны алмағандар жұмысқа жіберілмейтіні туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынуы (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек және скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға" толықтырулар енгізу туралы бұйрыққа қол қойды.

 
Құжат 17 қазаннан бастап күшіне енеді.

Бұйрықта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін күндізгі режимдегі жұмысқа тек COVID-19-ға қарсы вакцина алған қызметкерлер жіберілетіні айтылған. Ал вакцина алмағандар ПТР тестілеудің теріс қорытындысы немесе тұрақты медициналық қарсы көрсетілім туралы, коронавиурспен ауырып жазылғанына 3 ай толмағаны туралы медициналық анықтама болған жағдайда ғана жұмысқа жіберілмек. 

Бұған дейін, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавиурсқа қарсы ревакцинация қараша, желтоқсан айларында басталуы мүмкін екенін айтқан. 




Көрілген: 1240    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 13:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31