+18 қалтамызды қағып барады

+18 қалтамызды қағып барады

Телефон күнделікті қатынас құралы ғана емес, қылмыс пен алаяқтықтың негізгі көзіне айналғандай. Әсіресе, аңқау елге арамза молдалық еткендер қызық іздеп құмартқандарды тақырға отырғызып кетіп жатқанын күнделікті өмірден көріп те жүрміз. Нәпсісін тыя алмағандар үшін тіпті ақылы телефон қоңырауы арқылы нәпсіңді қоздырып, он мыңдап қарызға кіргізіп жіберетіндер де баршылық. Бұрын шетелдік фильмде көретін мұндай қызмет қазір қазақ елінде де үлкен сұранысқа түсіп үлгерген. Телефонмен кісі тонаушылар жайында «Алаш айнасы» тілшісі зерттеу жүргізген еді. 
Иә, әңгіме бұзау емізеді. Демек кейін таяқ жегізіп, нөлдері көбейген санға толы есепшот келгенде ғана санды бір соғып, сұқ саусақты шайнататыны жасырын емес. Күнікеше ғана әскерде Отан алдындағы борышын өтеп оралған оралдық жас жігіт те аңдамай жүріп от басып осындай алаяқтықтың құрбаны болыпты. 900 мың теңгені «Қазақтелекомның» есепшотына құю қажеттігі туралы қағаз келгенде ата-анасы да абдырап қалған екен. Дегенмен, қарыз болған соң сот заң арқылы өндіріліп алыпты.
Техниканың дамыған заманында біреулері теледидар арқылы сөзжұмбақ жасырса, ендібіреулері қалта телефонына хабарламалар жіберіп миллион ұтқанын, бірақ ақшаны алу үшін белгілі бір соманы төлеу қажеттігін айтады. Ендібіреуі телефон арқылы балалары мен немерелерінің есірткі заттарымен ұсталып, құқық қорғаушыларының құрығынан құтқару үшін ақша сұрайтынын қайтерсің. Аталған мәселе қазір елдің кез-келген аймағындағы құқық қорғаушыларының басын қатырған күрделі жайға айналған.
Телефон ұрлығы мен алаяқтығы қазір еліміздегі ең кең таралған қылмысқа жатқызылады. Жақында ғана Көкшетаудың тәртіп сақшылары телефонмен өзін әлеуметтік қызметкер деп таныстырып, қарияның сеніміне кіру арқылы мың доллар шамасындағы жинаған қаржысын жымқырған алаяқты қолға түсірді, - дейді Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Абдрахманова.
Қазір не көп әлем-жәлем жарнамалары бар агенттіктер мен сайттар жетерлік. Әрбіреуі түрліше қызмет түрлерін ұсынады. Бірі болашағыңды болжаймын деп сәуегейлік танытса, келесісі май-шелпекке батырып ақшаға қарық қылуға уәде төгеді.
Аталған мәселе бойынша бірқатар шаралар қолданылғанымен, түп тамырымен жою қолдан келмей тұр.
Облыстық ішкі істер департаментінің деректеріне қарағанда, тек жыл басынан бері Көкшетау қаласының өзінде телефонмен алаяқтық жасаған қылмыскерлердің саны былтырғыға қарағанда екі есе көбейген.
Сананы ақша билеген заманда ақшаға құмартқандар тіпті заң талаптарын да ескермейді, – дейді құқық қорғаушылары. Жалпы еліміздің барлық аймағында еселеп көбейе бастаған телефон алаяқтығы өткен жылдың өзінде бір мыңнан асып жығылыпты.
Қазіргі телефон алаяқтығының қулығына да құрық бойламайтын болған. Өйткені, түрлі сайттар мен ғаламтор әлемінде жұрттың есін аларлықтай жарнамалар өріп жүр. +18 деп басталатын сайттарға әрине он сегізге дейінгілер кірмейді деу бос әңгіме. Тәулік бойы жұмыс істейтін мұндай телефондарға бала түгіл жасы жетпісті желкелеген қариялар да кіріп, алданғанын кейін түсініп жатады. Ата-аналары жоқ уақытта осындай сайттарда жорғалайтындар бозбала мен бойжеткендер сананы улайтын жайттермен қатар, телефон алаяқтарына да ілініп жатқаны шындық.
Бәлкім осындай ғаламтордағы сайттардың жұмысы бақылауға алынып, жазаны қатайту туралы заңға өзгерістер енгізу қажет шығар.
Олай етпеген жағдайда алаяқтықтың тамыры жайылып бой бермейтіндей халге жеткендей. Заман өзгерсе де, кейпін өзгертіп заманға лайықталып алған телефон алаяқтығына қайтсек тосқауыл қоя аламыз. Заманың түлкі болса тазып болып шалатын кез жеткен сияқты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста