Мәселе

18:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынады: Қазақстандық әйел Италиядағы карантин туралы айтты

  • 18:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынады: Қазақстандық әйел Италиядағы карантин туралы айтты

    18:00-ден кейін үйден шығуға тыйым салынады: Қазақстандық әйел Италиядағы карантин туралы айтты

Италияда біздің екі мыңнан астам азаматтарымыз қалды. Олардың қатарында Марал Құрыш та бар. Жерлесіміз осы елде оқшауланудың шарттары туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31 арнаға" сілтеме жасап.
"Далада ешкім жоқ. Қазір мен дүкенге бара жатырмын. Декларацияны шығарып, үйден шыққан себебім азық-түлік сатып алу екендігі туралы жаздым", - дейді Марал.

Музейлер, мейрамханалар, көрмелер, мектептер, университеттер және басқа да адам көп шоғырланатын жерлер жабылды. Италияның барлық тұрғындары, яғни 60 миллионнан астам адам үй карантиніне жабылған, оларға кешкі 18:00-ден кейін үйінен шығуға тыйым салынған. Ал, үйден шыққысы келетіндер декларация толтырып, қандай себеппен шыққанын жазу керек.

"Егер адамның өтірік айтқаны анықталса, үйден шығу себебі декларацияда жазылғанымен сәйкес келмесе, ол адам заң бойынша жазаланады. Айыппұлға келер болсақ, қазіргі таңда ол 206 евроны құрайды. Бұл жақсы жағдайда, ал нашар жағдайда қылмыстық іске тартылады", - дейді отандасымыз Марал.

Марал елге сәуір айында оралуды жоспарлаған еді, алайда рейстердің тоқтатылуына байланысты бойжеткен Италияда қалуға мәжбүр. Консулдықтың мәліметтеріне сәйкес отандастарымыздың басым бөлігі елге оралып үлгерген. 2000 мыңға жуық қазақстандықтар үшін Италия тұрақты тұру мекені.

"Италиялық оқушылар бір ай бойы онлайн оқу режиміне ауысқан, яғни мұғалмдер оларға ғаламтор арқылы тапсырма жібереді, ал ата-аналар балаларымен сабақты бірге орындайды. Әзірге қашықтан оқыту 3 сәуірге дейін жоспарланған", - дейді Марал.

Азық-түлік тапшылығы жоқ, бірақ қорғану құралдары таусылып жатыр дейді Марал.

Италиядағы емханаларда орын жоқ. Ұзақ өмір сүретін адамдар саны ол жақта өте көп. Дәрігерлерді үйге шақыру керек. Адамдардың көп болуы салдарынан, дәрігерлер індетке қарсы тұра алатын адамдарға медициналық көмекті бірінші беруде. Маралдың айтуынша реанимацияда жатқан адамдармен туыстары қоштасып үлгермей жатқан көрінеді. Аза тұту, жерлеу рәсімдеріне де тыйым салынған, өйткені қауіп өте жоғары. Қала билігі өлгендерді кремациялап немесе жабық табыттарда жерлеуде. 




Көрілген: 404    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 19:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31