19-21 қаңтарға арналған ауа-райы болжамы
Қазақстанның батыс өңірінде күн күрт суытып, аяз болатыны болжанады, деп хабарлайды zakon.kz.
 
Метеорологтар 19-21 қаңтарға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті.
 
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында күн суытып, сынап бағаны минус 30-ға дейін төмендейді.
 
Солтүстік-шығыс бағытқа бет алған Каспий теңізінің үстіндегі оңтүстік циклон жауын-шашын шақырып, желдің күшеюіне әкеліп соғады.
 
Соның салдарынан еліміздің солтүстік өңірде боран ұйытқып, оңтүстігінде көктайғақ болады.
 
Алайда 21 қаңтардан бастап антициклон лебі еліміздің батыс аймақтарына жетіп, жауын-шашын тоқтайды, ауа температурасы түнде 22 ... 30 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі.