Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«20 баласы бар. Кейбірін өзі ұмытып қалған»: Назарбаевтың әйелі қызықты деректермен бөлісті

04 тамыз 2022, 15:18

Динарадан “қызғаныш болуы мүмкін бе?” деген сұраққа ол бастапқыда мұндай ойлар болмағанын айтты. Алайда, уақыт өте ол көбінің Назарбаевқа ақша мен материалдық жағдайға байланысты жақын болғанын түсіне бастады.

Болат Назарбаевтың жұбайы Динара Қазақстанның бұрынғы президентінің інісі туралы қызықты деректермен бөлісті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Динара Болаттан екі баласы бар екенін, олардың бірі 2021 жылы Назарбаевқа ота жасалып жатқанда Германияда дүниеге келгенін Ekx.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді.

Ол сондай-ақ, Болаттың үлкен әйелі Гүлжан Назарбаева «батасын бергенін» айтты. Динара оларда той болмағанын да атап өтті.

"Күйеуім үлкен мереке ұйымдастырғысы келді, бірақ мен оған қарсы болдым. Мен сырттан көп көңіл бөлініп, сөйлегенін қаламадым ", - дейді ол.

Оның айтуынша, Болат Назарбаевтың 20 баласы бар.

"20 шақты баланы білеміз. Оның өзі кейбірін ұмытып кетіпті. Бірақ мен әрқайсысының атын білемін. Олар туралы айтқан сайын барлығының туған күндерін жазып алдық. Оның екінші әйелінен Ербол есімді ұлы бар. Ол бізбен байланысады», - деді Динара.

Динарадан “қызғаныш болуы мүмкін бе?” деген сұраққа ол бастапқыда мұндай ойлар болмағанын айтты. Алайда, уақыт өте ол көбінің Назарбаевқа ақша мен материалдық жағдайға байланысты жақын болғанын түсіне бастады.

Динара Болатпен кездескен оқиғасын да айтып берді.

"Біз оны Қаскелеңдегі кештердің бірінде кездестірдік. Шынымды айтсам, оның кім екенін де білмедім. Қонақтардың арасында Болат Назарбаев бар екенін айтқан кезде де сенбедім. Кейін таныстығымыз махаббатқа ұласты. Ал 2012 жылдан бері азаматтық некеде тұрамыз», - деді ол.

Айта кетейік, 3 тамызда әлеуметтік желілерде Болат Назарбаев қайтыс болды деген қауесеттер пайда болғанымен, Динараның өзі оның жағдайының «өте ауыр» екенін айтып, оны жоққа шығарған болатын.