Мәселе

20 жылдықтарын тойлаған түлектердің видеосы желіде қызу талқылануда

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Әлеуметтік желіде карантиндік шектеулерге қарамастан мектеп бітіргендердің 20 жылдығын тойлаған отырыстың видеосы тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Желі қолданушылары отырыстың көркін қыздырушылардың арасында Түркістан облысындағы құзырлы орган өкілдері мен Шымкент қаласының Полиция департаменті қызметкерлері бар екенін жарыса жазған.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова ҚазАқпарат тілшісіне отырыстың биыл 24 мамыр күні болғанын растады.

 

Оның айтуынша, осы таратылған видеоға байланысты Жетісай аудандық ПБ арнайы тексеру шараларын жүргізген. Нәтижесінде отырыстың Жетісай қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткені анықталған.

 

«Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша 25 мамырда Жетісай АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері ҚР Әкімшілік кодексінің 425- бабына сәйкес жинақталған материалдарды аудандық бас санитарлық дәрігеріне шара қолдану үшін жолдады»,- дейді Салтанат Қаракөзова.

 

Ал, Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі де бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.

 

«Ағымдағы жылдың 24 мамыр күні Жетісай қаласындағы «Жетіген» мейрамханасында 20 жылдық басқосу шарасы өткен. Оған 15 адам қатысқан. Оның ішінде ішкі істер органында жұмыс істейтін бір қызметкер бар. Ол Еңбекші аудандық полиция басқармасыннда жұмыс істейді. Қазір қызметтік тексеру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты аталған қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. 2020 жылдың 1 маусым күні тәртіптік комиссия отырысында осы қызметкердің тәртіптік мәселесі қаралып, шешім қабылданады», - деді департамент.

 

Айта кетейік, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылған. Оған сәйкес барлық қоғамдық тамақтану орындары жабық болуы керек.


 




Көрілген: 679    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 19:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31