Мәселе

"20 қойға сатып жіберді". Отандық актердің бұрынғы әйелі осылай дейді (видео)

  • https://kaz.caravan.kz/

    https://kaz.caravan.kz/

Күйеуі жиырма қойға айырбастаған қазақ қызы құлдықтан құтылғысы келетінін жеткізген.

 

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Сарбиноз есімді әйел виртуалды әлемде Марат есімді жігітпен танысып, өзінің құлдықта екендігін және көмек беруін өтініп сұрайды.

 

Оның айтуынша:

 

"Мені күйеуім жиырма қойға сатып кеткен. Мені бұл жердегілер құлдықта ұстап отыр, құжаттарымның барлығын алып қойған. Қалай кетуді білмеймін. Өтінемін көмек беріңізші" - дейді.

 

Ал виртуалды әлемдегі махаббаты Марат оның жеке нөмерін алып көмектеспек болғанда, қазіргі күйеуі яғни фазенда бастығы қоқаң лоққы көрсетіп, қыздың жағдайы жақсы екендігін айтып, "сен кімсің" деп өзін қорқытады.

 

Біраз уақыт жоқ болып кеткен қыз кейін қайтадан кері байланысқа шығады. Ал Марат бұл жағдайды бей-жай қалдырмай "Астарлы ақиқат" бағдарламасына хабарлаған.

 

Құлдықтағы қыздың бұрынғы күйеуі отандық фильмдердің бірінде басты рөлді сомдаған актер болып шықты, Ол бірнеше жыл бұрын "Секер" атты кино туындыға түскен Кенже Ешимов.

 

Айта кетсек, Сарбиноз күйеуі Кенже Ешимовты өзін жиырма қойға айырбастады деген болатын.

 

Желі қолданушыларының басым бөлігі құлдықта отырған әйелге сенбейтіндіктерін айтуда.

 

 

 




Көрілген: 4898    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 15:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31