Мәселе

"20 мың сал да, 80 мың ал": WhatsApp алаяқтарының құрбанына айналмаңыз

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Аңқаулардың апаны! Елімізде алаяқтықтың жаңа түрінен жапа шеккендердің саны артты. Қазір уатсап желісінде «Ақшаңды төрт еселеу», «Тез табысқа жету» деген атаумен чаттар көбейген.

 

Оңай олжаға қол жеткізгісі келетіндер қармаққа ілініп, соңғы теңгесін болса да ойланбай жіберіп, опық жейді. Ең сорақысы, алданағандар ақшасын қайтару үшін өзгелерді осы чатқа кіруге үгіттейді. Құзырлы органдар осындай алаяқтармен қалай күресіп жатыр?

 

Біреудің сенімінен пайда көргендердің адамдарды басқару тәсілі қандай?

Жақынын, туысын, досын өтірік алдап соғады. 

 

Қазір мұндай чаттардың санында есеп жоқ. Көрпесіне қарай көсілетіндер шамасына қарап біреуіне кіреді. Ақшасын береді. Еселенгенін күтеді. Бірақ «Балқантауда алтын түгілі, бақыр да жоғын» тек соңында біледі. Әттең, кеш.

 

- Түк жоқ. Жиырма төртінші желтоқсанда 20 мың салғанмын. Түбіртегі қолымда. Сендім де, салып жібердім. Чатқа жаздым да, талай жеріне, қарағым ау, сонда мына халықты, қарт адамдарды алдай беруге рұқсат па? Бұл қалай?!

 

Бұл зейнеткердей күйінгендер көп. Аңқаулық жасап, алданғандар жүзін көрсетуден қашады. Аузы күйгендердің бірсыпырасы ақшасын қайтару үшін өзі түскен орға өзгелерді сендіріп сүйрейді.

 

Чатта орташа жиырма админ болады. Жаңадан кіргендерді ауыз аштырмай иландырып, көз жұмып қаржысын беруі үшін жан-жақтан үгіттейді.

 

- Чат қонақтары, шығып кетуге асықпаңыздар. Сіздер бұның қандай жоба екенін әлі түсінген де жоқсыздар. Бұл жерде командалық жұмыс. Жанды кезек. Жиырма мыңдарыңызбен тіркеліп, сексен мың теңге алып шығыңыздар.

 

Чатқа сізді рұқсатыңызсыз кіргізеді. Нөміріңізді қайдан алғанын айтпайды. Танысыңызды қосам десеңіз, құптайды.

 

Біз де мәселенің мән-жайына қанығу үшін сондай топтардың біріне тіркелдік. Мені дәл қазір 20 мың салып, 80 мың алуға үміткерлердің чатына қосты. Осындағы әкімшіліктің бірімен байланысқа шықтық. Ол қазір бізбен әрең дегенде бейнеқоңыраумен сөйлесуге келісті. Көкейдегі сұрақтардың біразын қойып, жауап алуға тырысып көрейік.

 

- Сенімге иек артылған ойын. Ешкім ешкімді алдамайды.


- Заңды рұқсат бар ма бұнда?


- Былай қарағанда заңды рұқсат жоқ. Бірақ мұнда, Аллаға шүкір, өзіміз адамбыз ғой, пендеміз ғой, біреуді алдап, біреудің ақшасын алмаймыз.


- Шамамен қанша күн алады? Мен, мысалы, 20 мыңмен кірдім. - 10, 12 күн, былай қарағанда.

 

Тек соқыр сенімге негізделген мұндай топтың табыс табу тәсілі пирамидаға ұқсас. Бір адам тағы төрт клиент табуға міндетті. Ол төртеудің артынан 16-сы келеді. Осылайша кете береді.

 

Бірақ түптеп келгенде, басында тұрғандар қаржыға қарқ болып, соңындағылар бармақ шайнап, құйған ақшасы күйіп кетеді.

 

Мақсат Халық, экономист:

 

- Қаржы дағдарысы басталған кезде елдің, халықтың жағдайы нашарлай бастаған кезде, бұндай алаяқтық жолмен ақша табатын азаматтардың қатары артады. Сондықтан да енді бірден айту керек, бұл жерде түсінікті жағдай, ақшаны беріп жатқан кезде, ол «екі есе, үш есе қайтарып береміз» деген сөз болса, демек, одан міндетті түрде сақтанған дұрыс.

 

Құзырлы органдар күмәнді чаттардың жұмысын бақылауға алғанын жеткізді. Кінәсі айқындалғандар жазадан құтылмайды.

 

Қанша адамды қан қақсатқан «Гарант Ломбард 24» көбін ойландырғандай еді. Бірақ, сабақ болмаған секілді.

 

ktk.kz

 




Көрілген: 517    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.05.2020, 11:50

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30