Мәселе

2021 жылы Қазақстанға 28 000 шетелдік жұмысқа тартылды: Олар немен айналыспақ

  • 2021 жылы Қазақстанға 28 000 шетелдік жұмысқа тартылды: Олар немен айналыспақ

    2021 жылы Қазақстанға 28 000 шетелдік жұмысқа тартылды: Олар немен айналыспақ

Қазақстандық кәсіпорындар шетелдік жұмыс күшін пайдалануға мәжбүр. Сондықтан жыл сайын Қазақстанға шетелден білікті мамандар алдыру үшін квота бөлінеді. Елімізде жұмыссыздық белең алғанымен, отандық ірі кәсіпорындар неге шетелдік жұмыс күшіне жүгінеді? Оларды көбіне қай елден алдыртады? Білікті мамандар өз елімізден неге табылмайды? Stan.kz тілшісі анықтап көрді.

Елімізге квотамен шақырылатын шетелдік қызметкерлер 4 санатқа бөлінеді.  

 Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және ұзарту тәртібі мен шарттарын айқындау және рұқсаттың мерзімін ұзарту мақсатында жұмыскерлердің мынадай санаттары белгіленеді:

Бірінші санат &ndash бірінші басшылар мен олардың орынбасарлары;

Екінші санат &ndash кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін құрылымдық бөлімшелер басшылары;

Үшінші санат &ndash кәсіптік стандарттарда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін мамандар;

Төртінші санат &ndash кәсіптік стандарттарда, жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі шет елдік жұмыс күшін қысқарту туралы шешім қабылдаған еді. 

Еңбек министрлігінің арнайы келтірген мәлімдемесі бойынша: 

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстан аумағында 19 145 шетелдік азамат еңбек қызметін жүзеге асырады. Олардың ішінде бірінші санатта (менеджерлер мен олардың орынбасарлары) 770 адам (4%), екінші (бөлім меңгерушілері) &ndash 445 (23%), үшінші (мамандар) &ndash 9 632 (50%) және төртінші (білікті) жұмысшылар) &ndash 1818 (9%), маусымдық жұмыстарға 767 (4%), корпоративті ауыстыру аясында 1 744 адам (9%) тартылды.

Шетелдіктердің басым бөлігі құрылыс саласында жұмыс істейді &ndash 8623 адам (45%). Тау-кен өнеркәсібінде 2 213 (12%), ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында &ndash 55 (0,3%), кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметте 1 557 (8%), өңдеу өнеркәсібінде &ndash 1 397 (7%) шетелдік жұмыс істейді.

Министрлік келтірген мәліметтер бойынша еліміздің төрт өңіріндегі кәсіпорындар шетелдік мамандарға зәру. Ең көп шетелдік мамандар шоғыры ШҚО, Атырау облысы, Алматы облысы және Алматы қаласында екен. 

Stan.kz тілшісі жоғарыда аталған облыстардың әкімдігімен байланысып шетелдік жұмыс күшін қай кәсіпорын көп пайдаланатынын және қай елден шақыратынын сұрап білді. 

"Қазіргі таңда тамақ өнеркәсібі, құрылыс сияқты түрлі салалардағы шетелдік жабдықтар орнатылған кәсіпорындар шетелдік жұмыс күшін тартуға барынша зәру. Мысалы, "Кока-Кола Алматы Боттлерс" кәсіпорны жоғары технологиялық жабдықты пайдалануға байланысты Ресей мен Жапония мамандарының жұмысына мұқтаж, "Филип Моррис" ірі темекі фабрикасы жабдықтарға қызмет көрсету және әртүрлі процестердің технологияларын жолға қою үшін шетелдіктерді де шақырады. 

Сондай-ақ, мал шаруашылығы және аграрлық сектор мамандары, оның ішінде жабдықтарды орнату және жөндеу бойынша мамандар мен Алматы облысының іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларының келісімшарттары бойынша келетін мамандар көп орын алады.

Күн электр станцияларында, ауыр өнеркәсіп зауыттарында және басқа да ірі құрылыс нысандарында, мысалы, CITIC Construction Group автомагистральдарын салатын жабдықтарға қызмет көрсететін жоғары білікті Қытай инженерлері айтарлықтай үлес алады", - дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Алматы облысындағы жергілікті кәсіпорындар көбіне Ресей, Германия, Қытай сияқты елдерден, сондай-ақ, көрші елдерден - Қырғызстан мен Өзбекстаннан мамандарды тартатынын атап өтті. 

Мұнымен қатар, мұнайлы мекен Атырау облысы да шетелдік қызметкерлерді шақыртуда алдынғы қатарда тұр. 

"2020 жылы 260-қа жуық жұмыс беруші кәсіпорындарға шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берілді. Оның ішінде, ірі кәсіпорындар Болашақ-Атырау ЖШС, Сенімді Құрылыс ЖШС, "Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан" ЖШС, "Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг и Прокьюрмент С.А.Л.-Офшор" филиалы, "Уорли Парсонс Қазақстан" ЖШС және тағы басқа. Шетелдік қызметкерлердің ең көп тартылатын елдері: Ұлыбритания, Венгрия, Үндістан, Түркия мен Қытай", - дейді Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қандай мамандарға сұраныс көп екендігі туралы: 

"Жұмыс берушілер шетелдік мамандарды 2-ші (құрылымдық бөлімшелер басшылары) және 3-ші (мамандар) санаттары  бойынша (мысалы: менеджер, инженер, техник, механик) рұқсат алуда", - деп жауап берді Атырау облысы әкімдігі.

ШҚО әкімдігі құрылыс саласында шетелдік жұмыскерлер көп тартылатынын айтады. ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы мәліметі бойынша:

"2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 59 жұмыс берушіде 1084 рұқсат қолдануда. Оның ішінде, ТМД азаматтарынан 609 рұқсат. ТМД елдерінен тыс азаматтарда 475, атап айтқанда, Түркия, Аустралия, АҚШ, ҚХР, Канада, ОАР, Филлипин, Үндістан, Ұлыбритания, Сербия, Корея Республикасы, Мексика, Жаңа Зеландия, Әзірбайжан, Перу, Грузия, Гана, Германия, Замбия, Чили, Таиланд, Румыния, Доминикан Республикасы, Иран, Италия, Испания, Колумбия, Индонезия, Швейцария, Румыния, Пәкістан, Моңғолия, Венесуэла, Франция мемлекеттерінен.

Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде құрылыс саласында шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың 51% &ndash дан астамы қолданылады; ауыл шаруашылығында &ndash 33%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде &ndash 7%; өңдеу өнеркәсібінде &ndash 2,7% және 6,3% экономикалық қызметтің қалған түрлеріне тиесілі".

Сондай-ақ Алматы қаласындағы кәсіпорындар да шетелдік мамандардың жұмыс күшіне зәру.

"2021 жылғы 1 қаңтардағы бөлінген квота бойынша жұмыс істейтін шетелдік мамандардың саны - 1 208 адамды құрайды. Оның ішінде санаттар бойынша:

- I санат - 223 адам,

- II санат - 549 адам,

- III санат &ndash 347 адам,

- ІҮ &ndash 21 адам,

- корпоративішілік ауыстыру &ndash 68 адам, олар 458 ұйымда жұмыс істейді, - дейді Алматы қаласының әкімдігі. 

Әкімдік келтірген дерек бойынша 2020 жылдың басынан бастап Алматы қаласына ШЖК тартатын жұмыс берушілер жергілікті бюджетке 522 млн теңге мөлшерінде салық алымын төлеген.

Неге Қазақстан шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр?  Білікті мамандарды неге өз елімізден іздемейді? Осы сұрақтарға сарапшы маман, экономист Мақсат Халық былай жауап берді. 

"Осы жылы, қателеспесем, 27 мың адамға шетелден келіп жұмыс істеуге квота бөлінген. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Себебі пандемияға байланысты. Қазір карантиндік шаралар төмендетілген соң шет елде алдырта беруге болады.

Шет елден келетін жұмысшылардың төрт категориясы бар. Біздегі заң бойынша алғашқы екі санаттағы мамандарға Қазақстанда істеуге заңды рұқсат бар. Бірақ та олардың саны сол өндіріс орындағы топ менеджерлер санының 30% асып кетпеуі керек. Ал 3-4 санаттағы жұмысшылар саны 10% асып кетпеу керек. 

Бірден айту керек, бізде тек қазақстандық компаниялар емес, шетелдік ірі компаниялар да өз жұмысын істеуде. Оларға да осы талап жүреді. Қарапайым жұмысшыларға қойылған талап бойынша шетелден келген қызметкерлер саны 10%-дан асып, қытайлық компания көп қытайды әкеп жұмысқа салып жатса, онда ол заң бұзушылық. Оларды әшкерелеп жауапқа тартуға болады", - дейді Мақсат Халық.

Білікті маммандар өз елімізде неге тапшы деген сұраққа:  

"Ірі компаниялар өздерінң кәсібін дамыту үшін HR бөлімінде қызметкерлерге қоятын қатаң талаптары бар. Біліктігілі мен халықаралық стандарттаға сай сертификаты болуы керек деген үлкен талаптар қояды. Ал біздің елімізде ондай мамандар тапшы. Сондықтан 30% ға дейінгі шетелдік жұмыс күшін пайдалануға рұқсат беріп отыр", - деп қысқа қайырды ол. 

Сонымен қатар, экономист шетелдік болсын, отандық болсын қызметкердің жалақсы біліктілікке қарай төленетінін айтты. Демек, қызметкердің шетелден келуі не келмеуі жалақыға әсер етпейді. Кері жағдайда, заңбұзушылық екенін кесіп айтты. Бірақ бізде бұл жағдай қатты  бақылауда емес. Қазір бизнесті тексеруге мемлекеттік құзыреттік органдарға шектеу қойылғанын жеткізді. 

Stan.kz

 




Көрілген: 1551    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31