Мәселе

2022 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

  • 2022 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

    2022 жылы қазақстандықтар қанша күн демалады

Қазақстандықтар келер жылы қандай мерекелерде қанша күн демалатынын Stan.kz назарларыңызға ұсынады.

Сонымен елімізде қаңтардың 1 мен 2-сі күндері Жаңа жылға орай ресми түрде демалыс күні саналады. Ал 2022 жылдары бұл күндер сенбі мен жексенбіге дөп келіп тұр. Демек, 3 мен 4-і дүйсенбі мен сейсенбі де қазақстандықтар үшін демалыс болады. Өйткені, мереке күндері сенбі мен жексенбіге тура келгенде демалыс келесі күндерге созылады.

 
Қазақстанда 2 діни мереке күндері демалыс деп жарияланған. Келер жылдың 7 қаңтары Рождество мерекесі жұма күніне түсіп, 7, 8, 9 қаңтар демалыс күні болады.

Премьер-министрдің қаулысына сәйкес, 2022 жылғы 5 наурыз сенбіден 2022 жылғы 7 наурыздағы дүйсенбіге ауыстырылған болатын. Осыған орай наурызда қазақстандықтар халықаралық әйелдер күніне орай 6, 7, 8 күндері, ал Наурыз мейрамында 19-23 аралығында 5 күн демалады.


Мамырда қазақстандықтар 3 мерекені атып өтеді. Атап айтқанда, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі жексенбіге келгендіктен 2 мамыр да демалыс күні саналады. Ал 7 мамыр Отан қорғаушылары күнімен 9 мамыр Жеңіс күніне орай 4 күн демалыс болады.

6 шілде Астана күні сәрсенбіде және Құрбан айттың бірінші күні өтетін 20 шілде сәрсенбі күндері де демалыс болып саналады. Конституция күніаталып өтілетін 30 тамыз келесі жылы сейсенбіге тура келеді. Сондықтан жоғарыда аталған Үкімет басшысының қаулысымен 2022 жылғы 27 тамыз сенбіден 2022 жылғы 29 тамыз дүйсенбіге ауыстырылған.

Ал қазақстандықтар 1 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді. Яғни, бейсенбіде демалады. Сондай-ақ Тәуелсіздік күніне орай 16-нан 19-ына дейін демалыс болады.




Көрілген: 1667    Пікірлер: 0

жұма, 15.10.2021, 12:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31