Мәселе

2050 жылға қарай Жер тұрғындарының жартысында артық салмақ болады - сарапшылар

  • 2050 жылға қарай Жер тұрғындарының жартысында артық салмақ болады - сарапшылар

    2050 жылға қарай Жер тұрғындарының жартысында артық салмақ болады - сарапшылар

Германиядағы Потсдам институтының зерттеушілері 30 жылда төрт миллиардтан астам адамда артық салмақ пайда болуы мүмкін екенін және олардың 1,5 миллиарды семіздікке ұшырайды деген болжам асады, - деп хабарлайды Daily Mail.

Ғалымдар денсаулық сақтау саласында дағдарыс болатынын ескертті және бұл алғашқы зерттеу екенін де айтты. Ғалымдардың пікірінше, ғасырдың ортасына қарай азық-түлікке әлемдік сұраныс 50 пайызға артады.
Зерттеуде 1965-2100 жылдар аралығындағы әлемдік тамақтану әдеттерінің өзгеруіне ұзақ мерзімді шолу жасала отырып, зерттеушілер азық-түлікке деген сұраныс халықтың көбеюі, қартаюы, дене салмағының ауырлауы, физикалық белсенділіктің төмендеуі және тамақ қалдықтарының көбеюі сияқты әртүрлі факторға қалай әсер ететінін болжау үшін ашық деректерді қолданған.

Ғалымдар 1965 жылдан бері ақуыз бен қант мөлшері жоғары ет өнімдерін, майлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді, соның ішінде жоғары өңделген тағамдарды тұтыну артып келе жатқанын анықтады. Адамдар көкөністер мен тұтас өсімдік өнімдерін, сондай-ақ пайдалы крахмалды үнемдей бастаған.

2010 жылы әлем халқының 29 пайызында артық салмақ болып, 9 пайызы семіздікке шалдыққан екен. Зерттеулерге сәйкес, АҚШ пен Ұлыбритания бұл статистикадан озып кеткен, ал әлемнің көп бөлігінде бұл көрсеткіштер өсіп жатыр. 

Потсдам Климаттық әсерді зерттеу институты (PIK) 2050 жылға қарай әлем халқының 16 пайызы семіздікке шалдығып, 45 пайызы артық салмаққа ие болады деп есептейді.

"Әлемде тамақ жеткілікті, мәселе - планетамыздағы ең кедей адамдарда оны сатып алуға табысы жоқтығында. Ал бай елдерде адамдар ысырапшылдықтың экономикалық және экологиялық салдарын сезбейді", - деді зерттеу авторларының бірі Пражал Прадхан.

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 1424    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 19:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31