Мәселе

22 жастағы бойжеткенді азаматтық некедегі күйеуі ұрып-соғып, зорлаған

  • https://nnovgorod.sledcom.ru/

    https://nnovgorod.sledcom.ru/

Қазақстандық әйел азаматтық некедегі күйеуі өзін ұрып, зорлағанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

"18 жылдың 2020 қазанында бұрынғы күйеуім мені жалдамалы пәтерге алдап апарып, байлап, ұрып-соғып, зорлады. Ол мені қой сияқты бауыздайтынын айтып қорқытты. Мен есімді жоғалтқанша тұншықтырды, осылай таңғы 5-ке дейін 7-8 рет істеді", - деп жазды әйел.

 

24 қазанда әйел полицияға арыз жазды.

 

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі Алмалы аудандық полиция басқармасына 1998 жылы туған Т. есімді заматшадан 1992 жылы туған З. азаматының оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы өтініш келіп түскенін хабарлады.

 

"Сол күні аталған факт ҚК-нің 121-бабы, 1-бөлігі" сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Іс аясында азамат З. полицияға жеткізіліп, одан жауап алынды. Ол жыныстық зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарып, жеті ай бойы бірге тұрғанын айтты", - деді полиция басқармасында.

 

Белгілі болғандай, тиісті сараптамалар тағайындалды, оның нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

 

 




Көрілген: 670    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қараша, 02:46
    Жайық құрып барады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30