Мәселе

22 жастағы қызды қағып өлтірген жеткіншек жазаланбайды

  • Көлік апатынан мерт болған бойжеткен. ©astanatv.kz

    Көлік апатынан мерт болған бойжеткен. ©astanatv.kz

Қызылордада 22 жастағы бойжеткенді көлікпен қағып кеткен 14 жасар бозбала қылмыстық жауапқа тартылмауы мүмкін.


«Астана» арнасына сұқбат берген адвокат Светлана Бржанова осылай деді.


Өйткені, заңға сай 16 жастан асқандар ғана жол көлік оқиғаларына қатысты қылмыстарда жауапкершілікке тартылады.


Светлана БРЖАНОВА, СҚО АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


- Көлік тізгіндеген бала кәмелетке толмағандықтан, ол Заңға сай мүлде жауапқа тартылмайды. Сот көліктің иесін анықтауы тиіс. Егер темір тұлпар баланың ата- анасына тиесілі болмаса және бала оны өзі айдап әкеткені дәлелденсе, көлік иесі әкімшілік жазаға тартылады. Егер, кісі қағып кеткен көлік баланың әке-шешесінікі болса, онда олардың бірі үш жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.


Ал, оның көлігінің астында қалған қыз алған жарақаттарынан 4 күн ауруханада ес-түссіз жатқан күйі көз жұмған. Сақшылар екі бірдей бап бойынша сот алды тергеу жүргізуді бастаған. Марқұмның туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.


Сәния АБДУЛЛАЕВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:


- Оқиға орнында оның анасы көліктің тізгінін ұлына өзі бергенін айтты. Тәртіп сақшылары дәл сол маңдағы бақылау камералары басқа жаққа қарап тұр деді. Шындықты іздеп шырылдап жүрміз.


 astanatv.kz




Көрілген: 607    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.01.2019, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30