Мәселе

225 мың медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Біртанов

  • 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Біртанов

    225 мың медицина қызметкерінің жалақысы өседі – Біртанов

Үкімет делегациясымен Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өңірдегі бірқатар медицина мекемесін аралап, жергілікті мамандардың жұмыстарымен танысып шықты.


Министр әуелі Қостанайдағы №4 емханада аялдады.


«Елбасы денсаулық сақтау саласын дамытуды ешқашан назардан тыс қалдырған жоқ. «Нұр Отан» партиясының кезекті съездінде де бірталай түйткілдердің түйінін шешу тапсырылды. Оның ішінде отандық медицинаның сапасын, қолжетімділігін арттыру міндеті бар. Тұрғындар көбіне медициналық қызметтердің сапасына шағымданады. Өйткені, бұл салада кадр жетіспейді. Мәселен, Қостанайда екі маманның жүктемесін атқарып отырған дәрігерлер бар. Маман тапшылығының бір себебі – айлықтың төмендігі. Сондықтан, Елбасы тапсырмасымен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы ұлғайтылмақ», - деді Елжан Біртанов емхана ұжымымен кездесуінде.


Бас дәрігердің айтуынша, осы жылы 225 мың медицина қызметкерінің айлығы өседі. Әсіресе, ана мен бала денсаулығына жауапты мамандар, жедел жәрдем дәрігерлері, онкологиялық, туберкулез диспансерлерінде еңбек ететін ақ халаттыларға басымдық беріледі.


Емхананың бас дәрігері Маргарита Бисенова мекеме ішінде орналастырылған терминалдарды көрсетіп, оның артықшылығын баяндады. Жаңа құрылғы арқылы мұнда келушілер өздері қалаған дәрігерге жазылып, қабылдау кестесі туралы мәлімет ала алады.


Елжан Біртанов Қостанай, Меңдіқара аудандарындағы орталық ауруханаларға да ат басын тіреп, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге барған жергілікті жас мамандармен кездесті. Меңдіқара ауданына қарасты Первомай ауылына соғып, фельдшерлік амбулаториялық пунктке, М.Қаратаев атындағы туберкулезге қарсы шипажайға бас сұқты.


Іссапар ертең Федоров ауданында жалғасады деп жоспарлануда.


Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова бастаған Үкімет мүшелері Қостанайда әлеуметтік бағытта қолға алынып, атқарылып жатқан шараларды түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


мммммм


 




Көрілген: 599    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 22:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31