Мәселе

24 жағдай тіркелді: Қызылордада түйелердің табаны түсіп жатыр

  • © REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV

    © REUTERS / SHAMIL ZHUMATOV

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Аққұм, Қарақұм және Жақсықылыш ауылдарында жергілікті халықтың қорасындағы төрт түліктің бірі - түйелер ауруға шалдығып жатыр.

 

Жануарлардың тұяқтары іріңдеп, шіріп, түсіп қалып жатыр.

 

"Бүгінгі күнге дейін осындай 24 жағдай тіркелді. Ветеринар мамандар ауру жұқтырған малды тексеріп, емдеп жатыр. Бұл не ауру екенін анықтадық. Бұл – некробактериоз және онымен кез келген мал ауыруы мүмкін", - деді облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Әнуарбек Дармағанбетов.

 

Некробактериоз – ауыр және созылмалы сипатта жүретін инфекциялық ауру және терінің, шырышты қабықтың және ішкі органдардың жара-әріңді қабынуымен сипатталады. Оның қодырғышы - Fusobacterium necroforит.

 

Некробактериозды барлық мал-жануар түрі мен адам (зооантропоноз) да жұқтыруы мүмкін. Бұл дертті уақытында емдемесе, ол өлімге алып келуі мүмкін.

 

"Бұл ауру жем-шөптің жетіспеуі, қуаңшылық салдарынан арық, көтерем болып қалған және иммунитеті төмен жануарларда көптеп таралады. Түйелерде көбіне табаны некробактериозға шалдығып, сүйелді қабық бұзылады", - деді Дармағанбетов.

 

Арал ауданындағы барлық ауру малды қазір емдеп жатыр және жануарлардың дәрі-дәрмегіне қажетті ақшаны мал иесі беріп отыр.

 

"Түйелерге "Бициллин-3", "АСД фракция-3", "Ашокси", "Нитокс-200" сынды препарат салынып жатыр. Емдеу курсының бағасы тоғыз-он мың теңге шамасында", - деді Дармағанбетов.

 

Аталған ауру белгісі бар түйелерден де қажетті сынамалар алынды. Ол сынамалар толық көлемде зерттеу жүргізу үшін Қызылорда облысындағы республикалық ветеринария зертханасының филиалына жолданады.

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1814    Пікірлер: 0

жұма, 09.07.2021, 17:35

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30