Мәселе

260 дәретхананы мектеп ішіне салу үшін 560 млн теңге керек екен

  • 260 дәретхананы мектеп ішіне салу үшін 560 млн теңге керек екен

    260 дәретхананы мектеп ішіне салу үшін 560 млн теңге керек екен

 Жамбыл облысы бойынша 442 мектептің тең жартысынан астамының әжетханасы сыртта орналасқан. Дәретханалар келесі жылдың басынан бастап мектеп ішінен салынбақ. Ал оған 600 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылады. Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков айтты, деп хабарлайды Астана арнасы.


Бекболат Орынбеков, Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары:


«260 әжетхана бүгінгі таңда мектептен тыс аумақта орналасқан әжетханалар боп табылып отыр. Ауыл мектептерінде бірінші қабатта орын тапшы болған мектептерге біз енді қосымша жапсарлас нысандар салып, осы жұмыстар толық шешімін табады деп есептеп отырмыз. Бүгінгі таңда мұның құны 560 млн теңге қаржы талап етеді. Енді ары қарай қызметтен қудалау жалғаса ма, осымен тоқтай ма? Біз енді ойлаймыз осының өзі жеткілікті, бұл менің жеке пікірім».


12 жастағы оқушы қыз мектеп әжетханасында зорланғаннан кейін аймақ атқамінерлері аяғынан тік тұрғаны рас. Тіпті, бас-аяғы 12 адам қызметімен қош айтысты. Олардың қатарында облыстық Білім басқармасының басшысы мен Тараз қаласының әкімі де бар. Ал, кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс басшысына да сын тағып, сөгіс берді. Қазір қос мұғалімнің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Дәретханаға барамын деп сабақтан сұранған жеткіншекті жарты сағаттан асса да іздемеген физика-математика пәнінің мұлімі мен сол күні кезекшілікке түскен педагог тергеліп жатыр. Қазір қауіпсіздік шараларын қатаңдату шаралары жүріп жатыр. Келер жылы камералармен жабдықтауға 54 млн теңге бөлінбек.


Еске салайық, өткен жұмада Тараздағы №6 мектептің сырттағы әжетханасында 7 сынып оқушысы 36 жасар азғынның қолынан қорлық көрген еді. Ол бұрын екі рет сотты болған. Ал зорланған оқушы ауруханада. 


Астана арнасы.




Көрілген: 472    Пікірлер: 0

сенбі, 23.11.2019, 11:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31