Мәселе

30 жастағы 7 балалы ана адам шошырлық жағдайын көрсетті (видео)

  • Шамшия Жұмамұратова: жеке мұрағат

    Шамшия Жұмамұратова: жеке мұрағат

Шамшия Жұмамұратова Алматыдағы «Барахолка» маңында пәтер жалдап тұратын жеті баланың анасы. Жақында екі айлық егіз ұлдарды босанған ол қаптаушы болып жұмыс істейтін күйеуінің 50 мың теңгесі мен үкіметтен берілетін азын-аулақ жәрдемақыға өмір сүріп жатыр. Батыр ана атанса да, мемлекет тарапынан «Алтын алқасын» әлі алмаған отыз жастағы келіншек қазіргі күйін айтып, мұңын шақты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Шамшия үш қыз, төрт ұлды дүниеге әкелді. Осы уақытқа дейін күйеуі екеуі талай адамның босағасын сығалап, пәтер жалдап жүрген.

 

Алайда, соңғы кездері балаларының көптігін алға тартып, үй иелері жалға пәтер беруден де қашатын болды.

 

 

«Жеті балам бар. Соларды асырау үшін күйеуім күндіз-түні жұмыс істейді. Бірақ ақша жеткізер емес. Балаға тиесілі жәрдемақыны алып отырмын. Бізді баспана мәселесі қатты қынжылтып отыр. Жеті балалы отбасыға жалдайтын пәтерді де әзер табамыз. Өйткені, балалардың жылайтынын, шулайтынын алға тартып, көпшілігі пәтерін жалға беруден бас тартады. Бүгінде аядай екі бөлмені паналап отырмыз. Үй иесі намаз оқитындықтан, біздің жағдайымызға түсіністікпен қарауда», - дейді Шамшия.

 

Көпбалалы батыр ана жақында егіз ұлдарды дүниеге әкелді.

 

«Егіз балаларыма екі ай толды. Тар жерде тығылыссақ та, сыйып отырған жайымыз бар. Басқа амал жоқ. Балаларыма жаным ашиды, оларға жеткілікті деңгейде жағдай жасай алмай отырмыз. Екі қызым мектепте оқиды. Туыстарымыздан айтарлықтай көмек жоқ. Көбіне мешіттер мен мейірімді адамдар қол ұшын созады. «Алтын алқаны» әлі берген жоқ. Бұл атақты кішкентай егіздерім бір жасқа толғанда береді екен. Азын-аулақ ақша болса да бұл бізге пайда болар еді», - дейді Шамшия.

 

Шамшия Жұмамұратованың жеті баласына көмек қолын созамын деушілер үшін Kaspi Gold номері: 8 707 833 04 91

 

 




Көрілген: 8934    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 11:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30