30 мың теңге. Ресейліктерге Қазақстан ЖСН-і сатыла бастады

23 мамыр 2022, 09:27

Көрші елде "бизнестің" жаңа түрін бастаған топ белгілі болды. Оны қазақстандық JexeNews Telegram -арнасының өкілдері әшкереледі, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Telegram-да қазақстандық ЖСН саудасын жарнамалайтын делдалдар пайда болған.

 

 

 

JexeNews-тің жазуынша, делдалдар қазақстандық ХҚКО-ларда "өз адамдары" барын айтып, ресейліктерге Қазақстан ЖСН-ін 4500 рубльге (30 мың теңге шамасында) қашықтан рәсімдеп беруге уәде етеді.

 

 

 

"Бұл үшін куәліктің сканерленген нұсқасын және ақшаны жіберу жеткілікті. Рәсімдеу 1-2 күн уақыт алады. Делдалдар клиенттеріне ЖСН-нің түпнұсқа болатынына және бірден ҚМД сайтына тіркелетінін айтып, сендіріп жатыр. Осыған байланысты ХҚКО қызметкерлерін және ресейліктер алып үлгерген ЖСН-дердің заңдылығын тексеруді талап етеміз", — делінеді отандық Telegram -арнада.

 

Скрин жасалған хабарландыруда ЖСН сатушылар бұл шаруаға Қазақстаннан Алан есімді адамның көмектесетінін айтқан.

 

Ақпан-мамыр айлары аралығында Алан екеуіміз Қазақстанда шетелдік шоттар ашумен, ЖСН-ді тез арада рәсімдеумен, шетелдік шоттарға ақша аудару және капиталдарды бұғаттан шығарумен айналысып жатырмыз, дейді The Buy Side атты телеграмдағы сатарман.

 

Бұл хабарландыруға ресейліктерден сұраныс та көп тәрізді. Оны бірнеше адамның Алан есімді тұтынушымен жасаған диалогтарынан көруге болады.

 

"Қазастанда ЖСН және банк карталарын рәсімдеу қанша тұрады? Сіз жеке тұлғасыз ба әлде фирмасыз ба?" "ЖСН рәсімдеу жосығы қалай өтеді? Басында төлеуім керек пе, әлде дайын болғаннан кейін бе?" — деп сұрақтарын жаудырған.