Мәселе

303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

  • 303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

    303 мың теңгеге дейін: Қазақстанда мұғалімдерді артық жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынбақ

Елімізде мұғалімдерді өздеріне тиесілі емес жұмыстарға тартқандарға айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Педагогтың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған министр тиесілі емес жұмыстарға тарту, шектен тыс есепті талап ету, негізсіз тексерістер жүргізуге тыйым салу арқылы педагогтардың жүктемесін төмендетуге қатысты нормалар қарастырылғанын атап өтті.


«Тиесілі емес қызметтер мен шектен тыс есеп беруге тартқаны үшін, құқық бұзушылық субъектіне байланысты 20-дан 120 АЕК-ке дейін (50 500 теңгеден 303 мыңға дейін) айыппұл қарастырылған», - дейді Аймағамбетов.


Қазақстанда кімдердің мұғалім болып жұмыс істеуіне тыйым салынады


Сонымен қатар білім министрі аталған мәселенің тиісті кодексте қарастырылатынын айтты.


«Материалдық және материалдық емес ынталандырудан бөлек, біз мұғалімдерің сенбіліктерге, басқа да шараларға қатысуы туралы айтып отырмыз. Бұған жол бермеу үшін, осындай шешім қабылдадық. Аталған мәселе тиісті кодексте қарастырылады. Егер деректер анықталса, айыппұл бекітіледі. Айыппұл заңды және жеке тұлғаға да, директор, меңгеруші немесе мемлекеттік органдардағы тұлғаларға салынуы мүмкін», - деп түсіндірді министр. 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.08.2019, 22:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30