Мәселе

35 жасқа толмаған алматылық жастар жаңа бағдарламамен баспана ала алады

  • Фото: almaty.gov.kz

    Фото: almaty.gov.kz

35 жасқа толмаған алматылық жастар жаңа бағдарлама бойынша қолжетімді несиемен баспана ала алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Сосын алып шаһарда биыл 8 жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Ал, жеке балабақшалардың төлемақысы мемлекеттік мекемелердегідей болады. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін тұрғындармен өткен «Алматы диалогы» деп аталған есепті кездесуінде осындай ақжолтай ақпарлармен бөлісті.

 

Қала әкімінің есебі басталмас бұрын қала тұрғындарына таңғы 08:00-ден бастап әкімнің орынбасарлары мен барлық аудан әкімдерімен тікелей жүздесіп, көкейкесті сауалдарын қоюға мүмкіндік болды. Тұрғындар біраз мәселенің басын осы жерде шешіп алды. Ал, алғашқы есептік кездесуін «Алматы диалогы» деп атаған әкім ұзақ баяндама жасамады. Керісінше, тұрғындардың пікірін тыңдап, сұрақтарға жауап берді.

 

Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Шағын ауданымызда жалғыз мектеп бар. Ол мектеп 50-жылдары салынған. Бар болғаны 90 балаға арналған. Сол мектепте қазір 550-ден астам оқушылар оқып жатыр. 3 ауысымда оқып жатқан оқышылардың білім сапасы туралы айтудың өзі артық шығар. Біздің Рахат шағын ауданында қашан мектеп салынады? Мүмкін болса, жауап берсеңіз?

 

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

 

- Қазіргі шешім бойынша қалада ГЧП саласында 8 мектеп соғуды жоспарлап отырмыз. Сол бір мектепті сол Рахатқа есептеп отырмыз. Біздің жоспарымыз бойынша биыл бастасақ, осы барлық сегіз мектепті де сол 2021 жылдың жаңа оқу жылына үлгеруіміз керек. Сәл сабырлық сақтаңыздар. Жоспарда бар. Сұрақ шешілетін болады.

 

Сондай-ақ әкім биыл Наурызбай және Алатау ауданының мектеп жасындағы оқушыларына арналған «Оқушылар үйі» салынатынын айтты. Ал, қаладағы «Оқушылар сарайы» заманауи үлгімен қайта жабдықталады.

 

Атап өтер тағы бір мәселе, жеке балабақшалар құны енді мемлекеттік балабақшаның құнымен бірдей болады. Оған қала бюджетінен 3 млрд теңге бөлінбек. «Бұл 918 мыңға жеткен балабақша кезегін азайту үшін жасалып отырған шаралар» деді қала әкімі.

 

4 мыңға жуық адам қатысқан кездесуде экология, жарық, тұрғын үй, жол, қоғамдық көлік мәселелері бойынша 800-ге жуық сұрақ қойылды.

 

Алматы қаласының тұрғыны:

 

- Газ құбырларына қосылу үшін, 300 мың теңге ақша керек екен. Осы сізден сұрайтынымыз , 300 мың теңгені халыққа бөліп төлеуге рұқсатыңызды берсеңіздер.

 

2019 жылдың екінші жартыжылдығында 3000-нан астам жеке үй газдандырылған. «Енді Халық банкімен бірлесіп, газ тарту үшін пайызсыз несие беру келісімшарты жасалып жатыр», деді Бақытжан Сағынтаев.

 

Жиынға қатысқан кәсіпкерлердің бірі тұрмысы нашар отбасыларға газ жүргізіп беру бастамасын көтерді. Қала бойынша 2912 жеке сектордағы үйге әлі газ кірмеген.

 

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың дені қоғамдық көліктерге байланысты болды. Бұл ретте әкім өткен жылы 14 жаңа бағыт іске қосылса, биыл тағы 24 қалалық және қала маңындағы маршруттар ашу жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ жол жүру тарифі өзгермейтін болды.

 

Жастарды селт еткізген тағы бір жаңалық «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы болды.

 

Бақытжан Сағынтаев, Алматы қаласының әкімі:

 

- Алматы жастарына 3.0 бағдарламасының тиімділігі 13 млн теңгеге дейінгі қарыз, жылына 5%-тік жеңілдікпен беріледі. Бастапқы жарна 10%. Бағдарлама бойынша несиені қайтару мерзімі 3 жылдан 25 жылға дейін.

 

Жаңа баспанаға бюджеттік саланың 35 жасқа дейінгі қызметкерлері қол жеткізе алады. Әкім шаһарды дамытудың жаңа кезеңдерін атап өтіп, «ең алдымен мегаполистегі өмір сапасының артуына ерекше мән беріледі», деді.


 




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.02.2020, 12:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31