Мәселе

40 градус температурада қалды: Он вагон ұн Қазақстан-өзбек шекарасында тұрып қалды

  • 40 градус температурада қалды: Он вагон ұн Қазақстан-өзбек шекарасында тұрып қалды

    40 градус температурада қалды: Он вагон ұн Қазақстан-өзбек шекарасында тұрып қалды

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында он шақты ұн вагондары шекарада тұрып қалған. Тауар Ауғанстанға жеткізілуі керек болған. Бірақ өзбек тарапы күтпеген жерден қазақстандық жүктердің транзитіне тыйым салды. Кәсіпкерлердің айтуынша, енді олар миллиондаған шығынға ұшырауы мүмкін. Өйткені ұн – тез бұзылатын өнім, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасына сілтеме беріп.

Қазақстандық жүктердің Өзбекстан арқылы транзитіне тыйым салынатынын естігенде, ең алдымен, солтүстік қазақстандық ұн тартушылардың құлағы елең етті. Өйткені дәл солтүстіктен Ауғанстанға ең көп ұн жеткізу процесі жолға қойылған. Онда Қазақстанның ұн тарату саласының 2/3 тауарлары сатылады. Бірақ өзбек тарапы, кәсіпкерлердің айтуынша, қазірдің өзінде өнімдерімізді өткізбей отыр. Шекарада ондаған вагон тұрып қалған. Кәсіпкерлер миллиондаған шығынға ұшыраймыз деп дабыл қағуда.

 
“Жүк кедендік тыйымда тұр. Ұн тез бұзылатын өнім, ал вагондарда шамамен 40 градус температурада болады. Біздің кәсіпорыннан жолға 20 вагон шықты, біз оларды не күтіп тұрғанын білмейміз, осы конвенциялық тыйым күші қашан жойылады, қоймада тағы 16 вагон бар, біз оларды сатып алушыларымызға жөнелтуіміз керек еді, бірақ қолымыздан келмейді, сәйкесінше келісімшарт талаптарын да орындай алмаймыз”, – дейді Астық өңдеушілер одағының СҚО бойынша аймақтық өкілі Таисия Колегова.

Қазақстанның сауда министрлігі Ауғанстандағы тұрақсыз жағдайға байланысты жүктерді жеткізуде проблемалар туындағанын мәлімдеді. Бірақ кәсіпкерлер дүрбелеңге түспеуі керек. Бұл мәселе жыл сайын болып тұрады және әрқашан дұрыс шешім табады. 

“Өзбекстанда Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты Ауғанстанмен шекарада өз өнімдерін түсіруде белгілі бір проблемалар туындады. Бұл мәселелер шешілді, өнімдер одан әрі өтуі мүмкін. Бұл жүйелі құбылыс, ол жылына бірнеше рет орын алады. Тараптар мұндай олқылықтың пайда болғаны туралы алдын ала хабардар етіледі”,  –дейді сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейханов.




Көрілген: 1402    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 01:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30