Мәселе

"40 түйемнің 4-і ғана қалды": Малы қырылып жатқан шаруалар шапан киіп, қолына қамшы алып, елордаға келді

  • "40 түйемнің 4-і ғана қалды": Малы қырылып жатқан шаруалар шапан киіп, қолына қамшы алып, елордаға келді

Малдары әлі де қырылып жатқан маңғыстаулық шаруалар назын айтып, елордадан бір-ақ шықты. Алғаш рет ұйымдастырылған шаруалар құрылтайына Ақтөбе мен Қызылорда облысының азаматтары да келген. Жиналғандар үкімет "төтенше жағдай" жариялап, жем-шөпке қайтарымсыз субсидия бөлмесе, алдағы қыста қолдағы бар малымыз аштықтан қырылады" деп алаңдайды. Айтуларынша, қазір мал жайылатын далада шөп жоқ, қымбатқа сатып алайын десе де, жем-шөп табу қиын. Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері "қаражат қажет болса, бөлуге дайынбыз, бірақ оны тиімді жұмсау облыс әкімдігінің ісі" деді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Шаруалар мемлекеттен берілген 1,9 миллиард теңге жұғым болмады деп ашулы. Құрылтайға олардың кейбірі қазақы нақышта костюм киім қолдарына қамшы ұстап келіпті. Малдары ресми тіркеуде тұрғандары түйеге 9 мың теңге, жылқы басына 10 мың теңге алған. Бірақ ол ары-кетсе 3 күндік жем-шөбіне жеткен. Алда қыс, қазірдің өзінде малымыз қырылып жатыр дейді.  

 
“Халықтың бірталай негізгі жылқысы қырылды. Далаға енді мал іздеп шықпайтын болдық. Бәрі қолына ұстап отыр. Менің сол қырық шақты түйем болған. Сол қырық шақты түйеден қазір төртеуі ғана қалды!” – дейді шаруа қожалығының иесі Нұрасыл Қармысов.  

Шаруалар ресми қырылған малдың саны 1207 емес, кемі 5 мың бас деп отыр. Қолында азын-аулақ малы барлар тіркелмегендіктен, ресми есепке алынбаған. Ал мал басына 9-10 мың теңге аздық ететінін депутаттар да айтып отыр. 

“Ерегескендей осы жылы 10 мың тг қылып тастаған. Күні бүгінге дейін ол қаражат та берілген жоқ! Ең болмаса көктемге дейін шығып кету үшін шаруаларға қаржы жағынан көмектесу керек”, – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігі егер облыс әкімі үкімет резервінен жем-шөпке тағы да қаражат сұраса, министрлік тарапы қолдауға дайын екенін айтты. Бірақ қазірдің өзінде Каспий әлеуметтік корпорациясы арқылы жем-шөпке 5,3 миллард теңге қарастырылған. 

“24,1 млн тоннаға жуық шөп, 1,5 млн тонна пішендеме, 2 млн тоннадан астам сүрлем, 4,5 млн тонна сабан, сонымен қатар құнарлы жем де дайындалған болатын. Әкімдік уақытында таратып, үлестіреді деген сенімдеміз”, – дейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы Дамир Егізбаев. 

Алайда Маңғыстау облыстық әкімдігінің шенеуніктері жауап беруге асығар емес. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев іссапарда жүр деген ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы шаруалардың талабын міндетті түрде ескереміз деп сендірді.




Көрілген: 433    Пікірлер: 0

жұма, 19.11.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31