Мәселе

400-ден аса қазақстандықтың шетелдік банктерде жүздеген миллиард ақшасы бар екені анықталды

  • 400-ден аса қазақстандықтың шетелдік банктерде жүздеген миллиард ақшасы бар екені анықталды

    400-ден аса қазақстандықтың шетелдік банктерде жүздеген миллиард ақшасы бар екені анықталды

Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаевтың айтуынша, бүгінде декларацияны ұсынған 497 мың жеке тұлғаның 440 мыңының 58 елде банк шоттары бар. Ал ондағы ақшаның жалпы сомасы 691 миллиард теңгені құраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандықтар банк шоттарын көбіне Ресей Федерациясында, Америка құрама штаттарында, Швейцарияда ашқан.

 
"494 жеке тұлға Қазақстан Республикасынан тыс 26 елде 666 жылжымайтын мүлік объектісін декларациялады, оның ішінде 436 нысан – Ресейде, 44 нысан – Біріккен Араб Әмірліктерінде, 38 нысан Түркияда т.б. бар. 1030 жеке тұлға 49 шет мемлекетте тіркелген 1198 көлік құралын, оның ішінде 292-і – Ресейде, 235-і – Арменияда, 221-і – Жапонияда, 162-і – Германияда т.б. декларациялады", – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

47 жеке тұлғаның Қазақстаннан тыс жерлерде, Ресейде, Кипрде, БАӘ-де 57 заңды тұлғада қатысу үлесі бар.

1585 жеке тұлға 11 елде 1603 жылжымайтын мүлік құрылысында үлесі бар екенін көрсетті.

918 адамның 25 елде бағалы қағаздары бар;

635 инвестициялық пай қорларында 608 адамның пайы бар;

212 адамның 218 зияткерлік меншігі, авторлық құқы бар;

355 адамның дебиторлық берешегі бар;

578 адамның кредиторлық берешегі бар.

1 704 жеке тұлға 2 327 нысанды басқа біреуге басқаруға берген.

Айта кетсек, Парламент Мәжілісінің депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады. Құжаттың мақсаты – белгілі лауазымды адамдар ақшамен және өзге мүлікпен жүзеге асыратын операциялар бойынша тиісті бақылауды заңнамалық деңгейде белгілеу. Бұл адамдардың тізбесін президент бекітетін болады. Ал қаржы мониторингі агенттігі өз кезегінде осы адамдардың, олардың отбасы мүшелерінің және жақын туыстарының жеке тізімін жүргізеді.




Көрілген: 536    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.10.2021, 00:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31