Мәселе

42 500 теңге әлеуметтік көмек алғандардың 20 000 теңгені қайтаратыны рас па?

  • https://stopfake.kz/

    https://stopfake.kz/

Қазақстандық Instagram-аккаунттардың бірінде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге алған барлық жұмыссыздар енді 20 000 теңгені мемлекетке қайтаруға міндетті екендігі туралы жаңалық талқылануда. Бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жоққа шығарды деп хабарлайды stopfake.kz.

 

 

42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленді. Ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілді.

 

– Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн, – деп хабарлады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

 

Демек, қазақстандықтарды бұрын алған әлеуметтік төлемдерді қайтаруға міндеттейді деген хабарлама шындыққа жанаспайды.

 

Қазнет пайдаланушыларын әлеуметтік төлемдерді міндетті түрде қайтару керек деп бұған дейін де қорқытқан болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл ақпараттарды да жоққа шығарды.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 787    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 17:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30