Мәселе

42 500 теңгелік төлемді рәсімдеуге арналған сайт ашылады

  • https://diapazon.kz/

    https://diapazon.kz/

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 42 500 теңгелік төлемді алуға болатын арнайы сайттың ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«42 500 теңгені алу бойынша халықтан көптеген сұрақ келіп жатыр. Egov.kz порталына көп адам кіре алмайтынын айтуда. Сол үшін осы күнге дейін келе жатқан Egov.kz порталындағы электронды өтініш сервисінде өтінішіңізді толтыруға мүмкіндік бар. Бұл жерде файлды тіркеу туралы талап алынып тасталады. Электронды өтінішке тек қана өзіңіз туралы мәліметті, жеке нөміріңіз бен карточкалық есепшотыңызды енгізесіз», - деді Біржан Нұрымбетов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

 

Министрдің айтуынша, ЭЦҚ-мен қатар СМС арқылы пароль алып, өз қолтаңбаңызды қоюға болады.

 

«Электронды үкімет порталына қазір көп адам кіре алмай жатыр. Сондықтан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БТС компаниясымен бірлесе отырып, 42500 теңгені алу үшін арнайы сайт ашамыз. Ол сайтта азаматтар өз өтішінін қалдыра алады. Сайт ертең таңертең іске қосылады», - деді ол.

 




Көрілген: 1399    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.04.2020, 17:56

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31