Мәселе

42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

  • 42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

    42 500 теңгені төлеу ережесіне өзгерістер енгізілді

 Ел тұрғындары 42 500 теңге әлеуметтік төлемді электронды әмиянға ала алады. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығында көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, әлеуметтік көмек төлеудің бекітілген ережесінде "электронды ақша жүйесінің операторы" ұғымы жазылған. Бұл санатқа тек банктер ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және жеткізуді қоса алғанда, электронды ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары да кіреді. Осылайша, карантинге байланысты табысынан айырылған қазақстандықтар өздерінің электронды әмиянына 42 500 теңге көлемінде көмек алады. Электронды ақша жүйесінің операторлары қаражат түсетін электронды әмиянның расымен де карантинге байланысты табысын жоғалтқан азаматқа тиесілі екенін анықтауға міндетті. "Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде электронды ақша жүйесінің операторына өтініш берушінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), әмиянның сәйкестендіру кодын, ұялы телефон нөмірін (бар болса), сондай-ақ электрондық ақша жүйесі операторының атауын қамтитын деректерді жібереді", - делінген бұйрық мәтінінде.

Еске сала кетсек, осыған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға тамыз айында 42500 теңгенің жартысы төленетінін мәлім еткен болатын. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бар. Екі аптаға карантин созылды. Төлем беріледі. Бірақ 42 500 теңгенің жартысы 21 250 теңге төленеді",- деді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Кейінірек елімізде қанша адамға 21 250 теңге берілетіні белгілі болды. 

KAZ.NUR.KZ




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.08.2020, 17:25

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30