Мәселе

425 мың сәби дүниеге келді

  • https://riamo.ru/

    https://riamo.ru/

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында республикада 425,6 мың сәби дүниеге келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп, деп хабарлайды Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.

 

«2020 жылдың қаңтар-желтоқсандағы алдын-ала деректер бойынша, елімізде 425,6 мың сәби тіркелді. Бұл 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 22,6 мың адамға немесе 5,6%-ке көп және 1987 жылмен салыстырғанда 8,5 мың адамға немесе 2%-ке артық (нәрестелер саны бойынша алдыңғы рекорд 417,1 мың адам болған)», &ndash делінген бюро сайтында.

 

2020 жылы 248,7 мың нәресте немесе 58,4%-і қалаларда өмірге келсе, 176,9 мыңы немесе 41,6%-і ауылдық жерлерде туды.

 

Жаңа туған сәбилердің жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелді: 

 

- Түркістан облысы (14,4%),

 

- Алматы облысы (12,7%),

 

- Алматы қаласы (8,3%),

 

- Шымкент (7,4%),

 

- Нұр-Сұлтан (7%),

 

- Жамбыл облысы (6,9%).

 

Алдын ала мәлімет бойынша босанғандардың 31,4%-і &ndash 25-29 жаста. Қалған 26,1%-і &ndash 30-34 жастағы әйелдер, 22,3%-і &ndash 20-24 жаста, 13,5%-і &ndash 35-39 жастағы аналар.

 

Дүниеге сәби әкелгендердің арасында 15-19 жастағы аналар да бар.

 

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында босанған аналардың орташа жасы 29,2 жасты құрады.

 

Ұлттық статистика бюросы анасының ұлты бойынша да нәрестелер санын жариялады:

 

* қазақтар &ndash 79,8%;

 

* орыстар &ndash 7,9%;

 

* өзбектер &ndash 4,4%;

 

* ұйғырлар &ndash 1,5%;

 

* украиндар &ndash 0,9%;

 

* татарлар мен немістер &ndash 0,7%-тен.

 

Туудың жалпы коэффициенті өткен жылы 1000 адамға шаққанда 22,40 нәрестені құрады. 

 

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 707    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.02.2021, 01:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28