Мәселе

43 градус аяз: Жаңа жылда ауа райы қандай болады

  • https://www.ukrinform.ru/

    https://www.ukrinform.ru/

Жаңа жыл мерекесі кезінде Қазақстанның көптеген облысында аяз болады. Кейбір өңірлерде 42-43 градусқа дейін аяз түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

 

Мегаполистердегі ауа райы

 

Нұр-Сұлтанда 31 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады, бұрқасындатып, тұман түседі. Күндіз 20-25 градус, түнде 30-35 градус аяз. 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

 

Ал 1 қаңтарда ауа райы жауын-шашынсыз, көшпелі бұлт шығады, тұман басады. Күндіз сынап бағанасы 25-30 градус, түнде 32-37 градус аяз түседі. Желдің жылдамдығы &ndash 9-14 м/с.

 

Алматыда 31 желтоқсанда қар жауып, тұман түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы минус 10-15 градус, түнде &ndash минус 15-20 градус. Желдің жылдамдығы &ndash секундына 2-7 метр.

 

1 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, күн ашық. Күндіз 10-15 градус, түнде 18-23 градус аяз.

 

Шымкентте 31 желтоқсанда күндіз 1-3 градус жылы, түнде 6-8 градус суық. 1 қаңтарда күндіз плюс 3 градус, түнде минус 8 градус.

 

Өңірлердегі ауа райы

 

Алматы облысында 31 желтоқсанда күндіз минус 10-15 градус, кей жерлерде 20-25 градус аяз болжанып отыр. Өңірдің солтүстігінде 35 градусқа дейін аяз түсуі мүмкін. Күндіз 1 қаңтарда минус 10-15 градус, кей жерлерде 20-25, солтүстікте минус 30 градус аяз күтілуде. Түнде &ndash 23-28, кей жерлерде минус 15-20 градус, солтүстігінде минус 35 градусқа дейін төмендейді.

 

Ақмола облысында күндіз 31 желтоқсанда минус 20-25 градус, кей жерлерде 30 градус аяз. Түнде 30-35 градус, кей жерлерде минус қырық градусқа дейін аяз түседі. Бірінші қаңтарда күндіз минус 25-30 градус, кей жерлерде минус 35 градусқа дейін төмендейді. Түнде минус 32-37 градус, кей жерлерде минус 42 градусқа дейін аяз болады.

 

Көкшетауда 31 желтоқсанда күндіз минус 20-22 градус, түнде 30-33 градус аяз. 1 қаңтарда күндіз минус 25-27 градус, түнде 33-35 градусқа дейін аяз түседі деп болжануда.

 

Ақтөбеде күндіз 31 желтоқсанда 12-17 градус, кей жерлерде минус 20 градус. Түнде 25-25 градус, кей жерлерде 30 градус аяз болады. Күндіз 1 қаңтарда &ndash минус 12-17 градус (кей жерлерде минус 20 градус), түнде &ndash 20-25 градус аяз (кей жерлерде минус 30 градус).

 

Шығыс Қазақстан облысында күндіз 31 желтоқсанда 25-30 градус (кей жерлерде минус 30-35 градус), түнде &ndash 25-30 градус аяз (кей жерлерде минус 30-35 градус). Бірінші қаңтарда күндіз минус 30-35 градус, түнде минус 35-40 градус (кей жерлерде минус 43 градус).

 

Семейде 31 желтоқсанда күндіз 25-27 градус аяз, түнде минус 25-27 градус. Бірінші қаңтарда күндіз 25-27, түнде минус 35-37 градус.

 

Қарағанды облысында 31 желтоқсанда күндіз минус 20-25 градус (кей жерлерде минус 30 градус), түнде минус 25-30 градус (кей жерлерде минус 33-38 градус). Күндіз 1 қаңтарда минус 25-30 градус (кей жерлерде минус 35 градус), түнде минус 33-38 градус (кей жерлерде минус 43 градус).

 

Жезқазғанда 31 желтоқсанда күндіз минус 20-22 градус, түнде 25-27 градус аяз. Бірінші қаңтарда күндіз минус 25-27 градус, түнде 33-35 градус аяз түседі.

 

Қостанай облысында күндіз 31 желтоқсанда минус 12-17 градус (кей жерлерде минус 20 градус), түнде минус 30-35 градус (кей жерлерде минус 38 градус). Күндіз 1 қаңтарда минус 12-17 градус (кей жерлерде минус 20 градус), түнде &ndash минус 25-30 градус (кей жерлерде минус 33 градус).

 

Қостанай қаласында күндіз 31 желтоқсанда минус 20-22 градус, түнде минус 30-32 градус. 1 қаңтарда күндіз 15-17 градус, түнде минус 25-27 градус аяз күтілуде.

 

Қызылорда облысында 31 желтоқсанда күндіз минус 12-17 градус, облыстың солтүстігінде минус 20 градус. Түнде минус 20-25 градус, солтүстікте 28 градус аяз болады. Бірінші қаңтарда да дәл осындай ауа райы болады.

 

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз минус 20-25 градус (кей жерлерде минус 30 градус), түнде минус 30-35 градус (кей жерлерде минус 40 градус). Бірінші қаңтарда күндіз минус 25-30 градус (кей жерлерде минус 35 градус), түнде минус 32-37 градус (кей жерлерде минус 42 градус).

 

Петропавлда 31 желтоқсанда күндіз 23-25 градус, түнде 31-33 градус аяз болжанып отыр. 1 қаңтарда күндіз минус 25-27 градус, түнде &ndash минус 33-35 градус.

 

Павлодарда, Gismeteo мәліметінше, 31 желтоқсанда күндіз минус 22 градус, түнде минус 27 градусқа дейін төмендейді. Бірінші қаңтарда сынап бағанасы күндіз минус 26 градус, түнде минус 29 градусты көрсетеді.

 

Түркістан облысында 31 желтоқсан және 1 қаңтарда күндіз ауа температурасы минус 1 градустан плюс 4 градусқа дейін (облыстың солтүстігінде минус 7-12 градус) көтеріледі. Түнде минус 3-8 градус, кей жерлерде минус 12 градус (облыстың солтүстігінде минус 15-20 градус).

 

Жамбыл облысында 31 желтоқсан күні минус 12-20 градус, кей жерлерде минус 25 градус. Бірінші қаңтарда күндіз 20-25 градус (кей жерлерде минус 30 градус), түнде минус 23-28 градус (кей жерлерде минус 35 градус) болжанып отыр.

 

Таразда 31 желтоқсанда күндіз минус 15-17 градус, түнде минус 20-22 градус болады. Жаңа жылдың алғашқы күні сынап бағанасы 20-22 градусты, түнде минус 23-25 градусты көрсетеді.

 

Батыс Қазақстан облысында 31 желтоқсан күндіз ауа температурасы минус 10-15 градус (кей жерлерде минус 20 градус), түнде минус 20-25 градус (облыстың оңтүстігінде минус 15 градус) болады. 1 қаңтарда күндіз минус 8-13 градус (кей жерлерде минус 15 градус), түнде минус 15-20 градус, облыстың оңтүстігінде минус 12 градусқа дейін суытады.

 

Маңғыстау облысында 31 желтоқсан және 1 қаңтарда нөл градустан плюс бес градусқа дейін жылы болады. Түнде 0-минус 5 градус, облыстың солтүстігінде минус 10-15 градус болжануда.

 

Атырауда, Gismeteo болжамынша, 31 желтоқсанда нөл градус, түнде минус 8 градус суық болады. 1 қаңтарда күндіз нөл градус, түнде төрт градус суық.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2210    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.12.2020, 18:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28