50 адамнан аспауы керек: Алматыда кинотеатрлар неге ашылған жоқ

26 қазан 2020, 17:56

Алматы қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қала кинотеатрлардың ашылуы туралы айтып берді, деп хабарлайды  Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, кинотеатрлар толығымен ашылуы үшін олар санитарлық талаптарға сай болуы керек. Барлық талаптарды сақтап, ашылуға толық дайын болған кинотеатрларға рұқста беретін болады.
"Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берді. Аурудың өршуіне байланысты мониторинг жасап, ахуалды қарап отырдық. Талаптарды ескеріп, бүгін кинотеатрлардың ашылуына рұқсат берілді. Алайда қазір кинотеатр орындықтары дайындалып жатыр. Келетін адамның саны 50-ден аспауы керек. Санитарлық талаптар орындалған кезде кинотеатрлар жұмыс жасай алады. Мұндай талаптар бұзылса, қатаң іс-шаралар жүргізіледі", - дейді Бекшин.