Мәселе

"5G бағаналары – қару, сондықтан оларды жою керек": Ақпарат қазақстандықтарды шошытты

  • "5G бағаналары – қару, сондықтан оларды жою керек": Ақпарат қазақстандықтарды шошытты

Әлеуметтік желіде қазақстандықтар 5G бағаналарын жоюға шақыруда. Тараған ақпаратқа сәйкес, бұл бағандар суық қару болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Танымал Telegram арналарының бірінде аудио хабарлама таратылуда. Ақпаратта 5G антеннасының зиянды екені және одан адам немесе жан-жануарлар өліп кетуі мүмкін екені айтылған.  

 
“5G базалық станцияларында адамды өлтіретін және емделмейтін аурулар тудыратын "әскери элементтер", лазерлер және басқа да құрылғылар жоқ. 
Іске қосылған 5G бағаналарының алдында тұрған сиыр немесе басқа тіршілік иесі жай өліп қана қоймай, із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін деген пікірлер ғылымға қарсы және фантастика болып табылады. Бүгінгі таңда әлемде мұндай технологиялар жоқ. Сонымен қатар, оларды 5G технологиясы жануарларға әсер ететін жиілік қауіпсіздігін зерттеу жоққа шығарады. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде бірде-бір зертханалық кеміргіш жойылған жоқ. Сондай-ақ, бұл зерттеулер 5G желілері өлімге қауіп төндіреді, COVID-19 белгілерін, онкологиялық және басқа аурулардың дамуын тудырады деп болжауға негіз бермейді”, – деп түсіндірілді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 5G форматындағы желілердің іске қосылғаны туралы хабарланған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі 5G-ге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын хабарлады.




Көрілген: 897    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.07.2021, 12:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30