Мәселе

6 жасында зорланған заңгердің жанайқайы

  • https://sn.kz/

    https://sn.kz/

«Жасым 46-ға келіп, әлі күнге дейін сол жаман күнді есіме алсам, жүрегім қысылып, ауа жетпей қалады! Ал біздің психолог-дәрігерлер жақсы бәрі деп қоя салады!» - дейді ол.

 

Заңгер, «Тағдырымның бергенін қабылдаймын» атты кітаптың авторы Ләззат Рақышева facebook парақшасына өзінің осыдан 40 жыл бұрын, яғни 6 жасында педофилдің құрбаны болғанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Оның айтуынша, педофилден зорлық көрген баланың психологиялық жағдайы қалыпқа келеді деген сөз – өтірік. Көңілдегі кірбің көкірекке шер болып қатып қалады екен. Өзі қазір 46 жаста болса да, 18-дегі жігіттен жәбір көрген 6 жасындағы оқиғаны естен шығара алмаған. Ашынып жазған ащы ақиқатының толық нұсқасы төменде:

 

 

«Құрметті достар! Менің аты-жөнім Ляззат Ракишева! Мына фото менің 6 жасқа толмаған кездегі суретім. Мен 6 жасқа толар-толмас кезде ПЕДОФИЛДІҢ құрбаны болғанмын, яғни 18 жасар жігіт мені аямай зорлаған!

 

Менің айтайын дегенім: ПЕДОФИЛДЕРГЕ ӨЛІМ ЖАЗАСЫН СҰРАЙМЫН!!! Заңға өзгеріс керек. Егер қылмыскер қылмыс үстінде, бұлтартпас негізбен ұсталса, сәбиге, балаға қатысты қылмыс жасағаны үшін ұсталса, аямау керек! Оларды аямау керек!

 

Мен қазір жасым 46-ға келсем де әлі күнге дейін ұмыта алмаймын, болған жағдай көз алдымда. Адам кейпінен кеткен жексұрын педофил өмірімді, балалық шағымды тас-талқан етті, өмір бойы жүрегіме өшпес жара салды!

 

Ал қазір елімізде талай бала зорланды осы уақытқа дейін. Бәрін оқып-көріп, тіркеп отырмын. 3 жастан басталып, 15 жас аралығында қаншама бала зорланып, өмірлері тас-талқан болды! Сол балалардың өмірі не болды? Оны ешкім білмейді. Себебі, ешқандай шара қолданып жатқан жоқ!

 

«Психолог работает, ребёнок себя хорошо чувствует» дегенді оқысам, қаным басыма көтеріледі! Сенбесеңіздер, өздеріңіз оқыңыздар, кез келген зорланған бала туралы жазылған жаңалықтарда солай ұялмай жазады ғой! Қалай бала 1-2 күнде жазылып кетеді? 6 жасар бала зорланып жатқанда не ойлайтынын білесізер ме? Білмейсіздер!

 

Жасым 46-ға келіп, әлі күнге дейін сол жаман күнді есіме алсам, жүрегім қысылып, ауа жетпей қалады! Ал біздің психолог-дәрігерлер жақсы бәрі деп қоя салады! Күннен-күнге бұл педофилдер неге көбейіп барады? Себебі неде?

 

Бұны әлі күнге дейін ешкім білмейді, ешкім зерттемеді де біздің елде! Мен қалай зорланғаным туралы кітабымда жаздым, елімізде бір психолог, бір балалардың құқығын қорғайтын маман сұрамады да, бала қандай жағдайда болатынын, зорланған баланың өмірі неге тап болатынын, ол балаға қандай көмек керек, не істеу керек...

 

Сондықтан мен ешкімге сенбеймін. Өйтеміз-бүйтеміз – баяғы бос сөздер! Неге УДО мен осы уақытқа дейін талай педофил бостандыққа шыққан? Соларды шығарған адамдарды да соттау керек!

 

Әлі талай бала зорланады. Себебі, ешқандай да жұмыс жүріп жатқан жоқ! Зорланған балалардың өмірі ешкімге керек емес! Сондықтан ПЕДОФИЛДЕРГЕ ТЕК ӨЛІМ ЖАЗАСЫ БЕРІЛСІН!

 

Бала – біздің болашағымыз, оның өмірінің тас-талқанын шығаруға ешкімнің құқығы жоқ!!!».

 

 

 




Көрілген: 1029    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.07.2020, 14:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30