Мәселе

620 жылдық тарихы бар Тайқазанды Ресейден қалай алып келді

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде тұрған Тайқазанның құйылғанына 620 толды. Осыған орай Қарнақ ауылында ауқымды шара болып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталған басқосуға елімізге танымал археолог ғалымдар мен тарихшылар және сол кездегі ұсталардың ұрпақтары қатысты.


Тайқазан жайлы тарихи деректер мен аңыз әңгімелер өте көп. Оның жалпы салмағы 2 тоннаны құрайды. Ал, сыйымдылығы 3 мың литр болады. Бүгінде қазан құйылған пеш орыны анықталып, сол кезде ол жерде жұмыс істеген шеберлер жайлы зерттелуде.


«Бұл қазанның тарихы ғылыми мәліметтерге өте бай. Біріншіден Тайқазан дүниежүзіне елімізді танытты. Тарихи нышанның Қарнақ жерінде сирек кездесетін 7 түрлі метал қоспасынан құйылғаны ғылыми тұрғыда дәлелденген»,- дейді өлкетанушы Надыр Арзуматов.


Тарихи деректерге сүйенсек, Әмір Темір тапсырмасымен құйылған қазан 1936 жылы сол кездегі биліктің тапсырмасымен Санкт-Петербордағы Эрмитажға Иран шеберлерінің көрмесіне қою үшін алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрып, 1989 жылы, тарихи отанына қайтарылады. Тайқазанды Ресейден әкелушілердің бірі оны елге жеткізу оңай болмағанын айтады.


«Оны елге алып келу оңай болған жоқ. Көптеген қиындықтарға тап болдық. Екі кран қазанды көтере алмады. Кейін сол жерде қонақүй салып жатқан бір кранды алып келіп едік, сол көлікке салып берді»,- дейді Тайқазанды алып келген топтың өкілі Дадажан Жамалов.


Аталған шара кезінде Тайқазан құйылған орындар мен Қарнақтағы өзгеде тарихи орындарға саяхат ұйымдастырылды.


 




Көрілген: 990    Пікірлер: 0

сенбі, 31.08.2019, 17:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30