Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

8 жыл бойы үйлеріне қол жеткізе алмаған астаналық дәрігерлер Тоқаевтан көмек сұрады

26 желтоқсан 2022, 10:49

Астананың медицина қызметкерлері «Денсаулық Бақыт» тұрғын үй кешенінің құрылысы тым ұзаққа созылғанына наразылық білдіріп, Президентке бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


"Біз «Денсаулық Бақыт» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымыз, бұл медицина қызметкерлерінің үйі. Бізге көмектесуіңізді сұраймыз! Біздің үй 8 жыл бойы салынып келеді! 8 жыл бойы дәрігерлер өз үйлерін күтіп отыр. Біз Алтай Көлгіновке де, құрылыс компаниясына да талай мәрте хат жаздық, әкімдікке және Президентімізге жазып отырмыз! Қасым-Жомарт Кемелұлы, бізге назар аударыңызшы! Дәрігерлер адам өміріне араша түседі, күнделікті ем-дом жасайды, неге бұл жоба бізге берген уәдесін орындамайды? Кездесуде ТК жобасының өкілі біздің үйді 24 желтоқсанда тапсыруға уәде берген болатын! Қазір ештеңе жасалмады! Вице-министрдің ресми хатында үй 2022 жылдың қазан айында толық тапсырылады деп көрсетілген. Бізге өз пәтерімізге қоныстануға көмектесіңіз! Кінәлілерді жазалаңыз!",- делінген дәрігерлердің үндеуінде.


«Денсаулық Бақыт»  – Астана – Қарағанды тас жолының бойындағы Алматы ауданында орналасқан эконом-класты тұрғын үй кешені.

Кешенді салушы компанияның атауы да – «Денсаулық Бақыт». Ашық дереккөздерден үйді пайдалануға беру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат табуға болады. Алайда коммуникациялардың жүргізілмеуіне байланысты мұның мүмкін болмай отырғаны айтылған.