Мәселе

«9 мамыр ұлы ерліктің қадырын кетіретін датаға айналып барады» - қоғам белсендісі

  • «9 мамыр ұлы ерліктің қадырын кетіретін датаға айналып барады» - қоғам белсендісі

    «9 мамыр ұлы ерліктің қадырын кетіретін датаға айналып барады» - қоғам белсендісі

Дұрысы, 9 мамырды Ерлік күні атапата-бабамыздың бірнеше мыңжылдық ерлігін паш ететін қасиетті күнге айналдыру қажет.

Соңғы кездері жеңіс күні мерекесін басқаша тойлау қажеттілігі тіптен одан мүлдем бас тарту қажет дейтіндер көбейіп барады. Мұндай пікір иелерінің уәжінше, жеңіс мейрамы өзінің о бастағы реңін жоғалтып, тек қана КСРО тарихы мен советтік жүйені насихаттайтын астыртын идеялогияға айналып бара жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мәселен, журналист әрі қоғам белсендісі Серік Ерғали 9 мамырды Ерлік күні атауды ұсынған. Оның айтуынша, жеңіс күнін тек қана КСРО тарихы аясында ғана тойлауды қою керек. 

«Жеңіс күні тарихта қалды. Бірақ оған Ресей ғана ие болып амбициясын қандырып отыр.

Және де рейхстагқа (рейх тақ) тігілген ту ресейлік үштүсті емес, балға-орақты қанқызыл ту болғаны мәлім.

Оның үстіне біздің аталарымыз жеңісті 1945 жылы 30 көкек күні сағат 14:00-те ту қадап берген. Қазақстан үшін 30 көкек болуы керек. Сондықтан бұл ұлы ерліктің қадырын кетіру ғана.

Дұрысы 9 мамырды Ерлік күні атап, КСРО тарихымен шектемей, ата-бабамыздың бірнеше мыңжылдық ерлігін паш ететін қасиетті күнге айналдыру қажет», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.




Көрілген: 902    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30