Мәселе

Ashyq-қа қатысатын банкет залдарында ас беруге рұқсат – Алматыда жаңа қаулы

  • https://gdepoest.kz/

    https://gdepoest.kz/

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин карантин туралы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Құжатқа сәйкес, қаладағы жағажайлар мен ашық бассейндер сағат 07.00-19.00 аралығында жұмыс істейтін болады. Ал олардың аумағы келушілерді Ashyq жобасы бойынша кіргізу үшін қоршалуы тиіс.

 

Бұдан бөлек, әлеуметтік арақашықтық сақталуы шарт.

 

Сондай-ақ типтік орынжайлар мен ғимараттарда орналасқан театрлар, кинотеатрлар, филармониялар мен концерт залдары Ashyq жобасымен жұмыс істей алады. Толымдық 30 пайыздан аспауы қажет, концерт залдарында – 10 пайыздан.

 

Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбіден басқа аптаның барлық күнінде сағат 09.00-18.00 аралығында ашық болады. Алдын ала жазылу міндетті.

 

Азық-түлік дүкендеріне, шағын маркеттер мен зоодүкендерге бару үшін Ashyq қосымшасы қажет емес. Үйде және өзге ғимараттарда көпшілік іс-шараларды (спорттық, діни, отбасылық, мерекелік шаралар, ас беру), конференцияларды, митингілерді, шерулерді, жиындарды, форумдар мен өзгесін өткізуге тыйым салынады.

 

Дегенмен, Ashyq жобасына қатысатын банкет залдарында ас беруге рұқсат бар.

 

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

 




Көрілген: 1085    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.07.2021, 02:00

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Қыркүйек, 00:18
    Қосшы қаласында шу шықты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30