Мәселе

Bek Air әуекомпаниясының мүлкі тәркіленді

  • © Тұрар Қазанғапов

    © Тұрар Қазанғапов

Cот Bek Air әуекомпаниясының мүлкін жолаушыларға әуебилеттері үшін ақшаны қайтару туралы талап-арызды қамтамасыз ету мақсатында тәркіледі. Бұл туралы Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты онлайн форматтағы брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Сатып алынған әуебилеттер сомасын қайтару үшін тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінарыз жазып, сотқа жүгінген. Ведомство мәліметінше, әуекомпаниясы сот талқылауы кезінде мүлікті сата алады. Сондықтан 20 сәуірде сот Bek Air мүлкіне тыйым салды.

 

"Алматы қаласы, Түркісіб ауданы, Закарпатская көшесі, 8А мекенжайы бойынша орналасқан Bek Air АҚ мүлкіне тыйым салынсын", - делінген судья Әлия Менлібаеваның қаулысында.

 

Bek Air әуекомпаниясының қызметі тоқтатылды

 

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.

 

ИИДМ мәліметінше, ұшақ көтерілу кезінде биіктік жоғалтып, бетон қоршауға соқтығысқан. Екі қабатты ғимаратқа соқтығысқан. Дереу құтқару шаралары басталып, өрттің алдын алды. 




Көрілген: 475    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.05.2020, 19:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:49
    Той көбейсе, жан қайғы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31