Мәселе

COVID-19: Қорғаныс киімі тапшылығына ашуланған дәрігерлер науқастарды тыр жалаңаш емдеп жүр (ФОТО)

  • COVID-19: Қорғаныс киімі тапшылығына ашуланған дәрігерлер науқастарды тыр жалаңаш емдеп жүр (ФОТО)

    COVID-19: Қорғаныс киімі тапшылығына ашуланған дәрігерлер науқастарды тыр жалаңаш емдеп жүр (ФОТО)

Дәрігерлер "маскаларды өздерін тігіп алыңдар" деген ұсынысқа да ашулы.
Германияда дәрігерлер қорғаныс құралдарының, маскалар мен жұмыс киімдерінің жеткіліксіздігіне байланысты наразылық акциясын бастады, деп хабарлайды 
zakon.kz.

Шетелдік дәрігерлер жұмыс орындарында ұятты жерін ғана бүркемелеп, тыр жалаңаш суретке түсті, деп жазады starhit.ru.

Дәрігерлер бұл флешмобқа "Жалаң ойлау" деп ат берді. "Мүмкін осыдан кейін билік коронавируспен ауыратын науқастарды емдеу кезінде аса қажетті қорғаныс заттарымен дәрігерлерді қамтамасыз етер" деп үміттенеді олар.

"Тыр жалаңаш - бұл біздің қорғаныссыз қаншалықты осал екендігіміздің белгісі", - дейді акцияға қатысқан терапевт Рубен Бернау.

"Біз - сіздердің отбасылық дәрігерлеріміз. Сіздерді емдеу үшін бізге қорғаныс құралдары қажет. Ал ол жоқта біз, міне тура суреттегідей болып көрінеміз", - дейді дәрігерлердің бірі.

Неміс дәрігерлері пандемиямен күресте өздерін жемтік сияқты сезінеді. Бірақ соған қарамастан әлі де коронавируспен ауыратын науқастарды емдеуді жалғастыруға мәжбүрміз.

Дәрігерлер "маскаларды өздерін тігіп алыңдар" деген ұсынысқа да ашулы. "Біз жараларды тігеміз, неге масканы тігуіміз керек", - деп режиді мамандар.

Германияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 164 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Қайтыс болғандар саны - 6736, емделіп, ауруханадан жазылып шыққандары - 129 мың. 




Көрілген: 771    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 04.05.2020, 12:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30