Мәселе

MEGA Alma-Ata сауда орталығында белгісіз ер адам әжетханада кішкентай қыздарға тиіскен

  • Фото: instagram.com/mega_center

    Фото: instagram.com/mega_center

MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз ер адам әжетхана бөлмесінде кішкентай қыздарға тиіскен. Сауда орталығының әкімшілігі оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


"Құрметті келушілер, көпшілігіңіз MEGA Alma-Ata сауда ойын-сауық орталығында белгісіз азаматтың әжетханада кішкентай қыздарға тиіскені туралы хабарлама алған боларсыздар. Әйелдер әжетханасындағы кабинкаға екі қыздың артынан ер адамның кіріп кеткені - шындық. Бір бүлдіршін қашып кетіп, анасын көмекке шақырған. Әйел адам сауда орталығының күзет қызметіне жүгінді" , - деп жазылған орталықтың ресми Instagram парақшасында.


Оған қоса, хабарламада күдіктіні орталықтың күзет қызметі тұтқындап, құқық қорғау органдарына табыстағаны айтылды. Қазіргі таңда, күдікті қамауда отыр. Кішкентай қыздардың ата-анасы полицияға арыз жазды. Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.


"Баршаларыңызға күдікті адамдарды байқап қалсаңыздар дереу түрде күзет қызметіне немесе орталықтың кез келген өкіліне хабар берулеріңізді сұраймыз" , - деп жазды сауда орталығының өкілдері. 




Көрілген: 525    Пікірлер: 0

жұма, 24.05.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30